Мұндай үлгі ғибадаттық құрылыстарда қолданылған. Зиккурат көбінесе, үш қабаттың үстіне құдайға арналған ( Күн, Ай құдайына, т.б.) әдемі де шағын сарай орнатылатын болған. Зиккураттың қабырғалары әр түсті – қара, қызыл, ақ болып келіп, үстіндегі сарай, көбінесе, алтынмен апталатын. Кейінірек басқа да бояулар қолданылған. Ең көне Зиккурат б.з.б. 5 – 4 мыңжылдықтарда Қосөзен аймағында (Тигр мен Ефрат өзенді аралығында) пайда болған. Алғаш ежелгі шумерлер елінде, содан кейін басқа да елдерге таралып (Аккад, ассирия, Вавилон), сол кездердегі сәнді құрылыс үлгісіне айналған. Біздің заманымызға келіп жеткен Зиккурат Ор (Ур) қаласында (б.з.б. 3-мыңжлдық), Элламда (б.з.б. 2-мыңжылдық) және Вавилонда жартылай сақталған. Көне дәуірлерде Зиккураттарға ұқсас құрылыстар Мысырда (Жасер пирамидасы, т.б.), Америка үндістерінде (Мексика, ацтектердің Теотихуакан пирамдасы) салынған.