Елеке сазы қорымы Тарбағатай тауының басында Қарғыба өзенінің бастау алатын жерінде Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан алқап. Елеке сазы жайлауын «Патшалар алқабы» деп айтуға толық негіз бар. Алқапта ерте темір, көне түркілік кезеңдерге жататын 7 қорымда 300-ден астам ескерткіш шоғырланған. Биыл мұнда Шығыс Қазақстан облысынан ғана емес, оңтүстіктегі жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен студенттерден құралған барлығы 8 ғылыми экспедициялық топ жұмыс істеуде.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі бастамасымен облыстың археология саласын дамыту жұмыстары белсенді түрде қолға алынған. Осыған орай 2016 жылы арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Қазіргі таңда аймақтың археологиялық ескерткіштерін зерттеу бойынша облыстық бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда.


null



Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Елеке сазы алабына барып, «Археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары» бағдарламасының аясында қазба жұмыстарын жалғастырып жүрген еліміздің танымал археологтары Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаевтармен кездесіп қайтты.


Биыл археолгтар бұл аймақтағы 8 ғасыр бұрынғы сақ қорғандарынан бұрын ешбір қазба жұмысынан кезіктірмеген шынжыр баулы алтыннан жасалған бұғы бейнесін тауып отыр. Бір айта кетерлігі, Елеке сазындағы сақ қорғандарынан табылған жәдігердің барлығы таза алтыннан жасалған.


null



2019 жылдың басты жаңалығы - Елеке сазы жазығындағы «Патша» қорымынан табылған мүйізі алтын сымнан өрілген бұғының бейнесі және алтыннан құйылған арқар мүсіндері мен ұсақ моншақтар.


null



ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Өткен жылғы қазба жұмыстарында Елеке сазында «Алтын адам» табылған болатын. Ал биыл да осы аумақтан ерекше жәдігерлер табылып отыр. Олар біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырдағы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін сипаттайды. 2019 жылғы жұмыстар үшін алғашқы қадамымыз жаман емес, үмітіміз зор. Әзірге алғашқы жәдігерлерді ғана қазып алдық, қалғаны осы айдың аяғына қарай толық қазып алынады деген ойдамын.
null



Зейнолла Самашеұлының айтуынша, Еуразия кеңістігінде тұңғыш кездесіп отырған ерекше технологиямен өрілген мүйізді алтын бұғы мүсіні ерте замандағы аса жоғары зергерлік өнермен қатар бұғы образының күн құдайы дәрежесіне дейін көтерілуі туралы айқын мағлұмат береді.


null



Сонымен қатар, бұл аумақтан табылған жәдігерлер қатарында біздің заманымызға дейінгі V-III ғасырмен өлшенетін үшөлшемді архар мен барыс бейнесі, VI ғасырмен есептелетін грифон бейнелері және алтынмен апталған тарақ пен білезік, жапырақталып сырт киім мен қару-жарақтарды әшекейлеуге пайдаланылған жоғары сынамалы алтын құймақтар да бар.


null



ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

«Патша» қорғанының жаңалықтары ерте сақ қоғамының дүниетанымы мен мәртебесі жайлы тың мағлұмат береді. Артефактілер әйел мен ер адам киіміне ортақ болуы мүмкін. Сондықтан қорғанға патша санатындағы жұптардың да жерленуін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, бұл қазба жұмыстарының басы болғандықтан тиісті зерттеу жұмыстары ғалым болжамдарын жан-жақты нақтылайды деген ойдамыз.


null



ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл Қазақстан тарихына деген жаңаша көзқарас. Халқымыздың тарихын қайта жаздыратын тың мұралар. Көне жәдігерлер біздің тек көшпелі ел болмағанымызды айқындайды. Олар ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырда-ақ жоғары деңгейдегі өркениетті қалыптастырғанын дәлелдейді. Мәселе тек алтында емес, мәселе – ғылымда, білімде.
Елеке сазы біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасыр мен біздің заманымыздың сегізінші ғасырына дейінгі аралықта үздіксіз даму байланысының барын білдіретін құбылыс. Жұмыстар аяқталған соң бұл атырап халқымыздың мақтанышына айналатынына сенімдімін.
Сонымен қатар мұнда Азия құрлығында кездеспейтін Қаған кешенін де зерттейміз. Біз Білге қағанның, Күлтегіннің кешендері Моңғолияда табылғанын білеміз. Елеке сазында табылған кешен олардың планеграфиясын қайталайтын бірегей кешен. Жақын арада біздің қос ғалымымыз әлемге жаңа Қазақстанды көрсететініне сенімдімін, біз осы жаңалықтарды жинап, қыркүйек айында Стамбұлға көрсетуіміз мүмкін. Ендігі жылға үлкен келісім бар. Табылған дүниелерді 2020 жылы Лондон мен Оксфордтың ең беделді мұражайларына апарып көрсетуіміз керек.


Айта кетерлігі, кешенді зерттеу жұмыстары облыстық әкімдіктің қаржыландырылуымен Елеке сазындағы 10 элиталық қорғанда жүргізілуде. Жақын арада Әбдеш Төлеубаевтың басшылығымен ірі қорғандардың бірі саналатын «Сардар-1» қорғаны ашылмақ. Мұнда аталмыш учаскені қазу барысында ерте сақ дәуіріне тиесілі кезеңде қолданылған медициналық құралдар мен темір пышақтар және қанжар қынымен табылған болатын.