Бұл үшін диаметрі 25 м асатын травертиналық шеңбер орны қазылып құйылған бетон үстінен арматура қойылып қоршалды. Бірақ, бұл мақалада жинап алынған артефактілерге (заттай айғақ) типологиялық талдау жасау арқылы олардың мінездемесі баяндалады. Ескерткіштен табылған тас құралдар жиынтығында ұзын саны 1754 бұйым бар.

Алғашқы жаңқалау. Тас құралдар даярлауға қолданылған шикізаттың алуандығы Қошқорған I ескерткішінің бірден-бір ерекшелігі болып табылады. Біздің ойымызша, бұл жәйтті ескерткіш маңында сапалы шикізат көзінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Атап өтерлік жәйт, құрал беттерінің сақталуы қалпында олардың бір-бірінен аса айырмашылығы жоқ. Өзектас тәрізді тастар мен сынықтардың көптеп табылуы назар аудартпай қоймайды. Өзектас тәрізді тастардың басым көпшілігінің бетінде құрал үшін ретсіз бөліп алудың іздері бар болғандықтан, бөліп алудың негізін анықтау мүмкін емес. Өзектас тәрізді тастар арасында арнайы дайындықсыз қысқа жаңқа секілді, құрылымдық нышандары айқындалған майда чопперлер мен майда чоппингтер бөліп алынған малтатастар ерекшеленеді. Бұл бұйымдарды біржақты монофронталды өзектастар санатына жатқызуға болады. Бұйымдардың аздаған бөлігінде үлестік бөліп алу жүйесіне тән сипаттар бар екендігін атап өту керек. Қошқорған I ескерткішінен шыққан жиынтықтың басым бөлігін өзектастар құрайды. Жинап алынған артефактілердің жартысына жуығын құрайтын леваллуа өзектастары мен майда өзектастардың көп кездесуі жиынтықтыққа ерекше сипат береді. Леваллуалык өзектастардың басым көпшілігінің, соның ішінде майда өзектастардың соққыға арналған жағы, жаңқаланған жиектері мен латеральдары тиянақты өңделген. Аталмыш жиынтықтағы леваллуалық өзектастар жалпақ әрі қысқа жантақтар жасауға пайдаланылғанына назар аудара кету керек. Беттерінде үшбұрышты және тілік пішінді дайындама алынғаннан кейін қалған іздері бар, левалуаллық нуклеустердің саны жиынтықта бірен-саран. Леваллуалык өзектастарды дайындауға ірітүйірлі құмтас, кварц және шақпақтас қолданылған. Кварцты өзектастарды леваллуалық түрге жатады деп айту қиын, бірақ, шикізат сапасын ескере отырып оларды осы түрдегі өзектастар қатарына жатқызуға болады. Леваллуалық түрдегі, бөліп алу техникасына тән тәсілдердің кездесетінін айта кету керек. Жиынтықта осы түрдегі өзектастардың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Шақпақтасты өзектастар мұқият өңделген. Кейбіреуі желпуіш тәрізді өзектастар қатарына жатады.

Ядролардың көпшілігінен тасты бөлшектеуде қарапайым және қосарланған әдістін қолданылғанын көреміз. Біздің көзқарасымыз бойынша, олардың арасындағы айырмашылықты кейде байқау да мүмкін емес. Біржақты монофронталды өзектастар (майда нуклеустерді коса есептегенде олардың үлесі 30 пайызды құрайды) арасында, соққыға арналған жағы бар малтатастардың үлесі басым. Осы түрге жататын өзектастардың бір немесе бірнеше бөлшектеу мен мұқият жасалынған, соққыға арналған жақтары аса қиғаштанған. Бөлшектер. Бастапқы бөлшектердің саны тепе-тең үлесте болған. Бөлшектер мен сынықтардың үлесті салмағы 20 пайызға жетеді. Құралдардың түрі сан-алуан. Оның негізгі бөлігін қырғыштар құрайды. Қырғыштардың өзі де бірнеше түрге бөлінеді. Бір жақты қырғыштар 36 пайызды қүрайды. Бұл түрдің ішінде жүздері ұзынынан жасалған қарулар басым келеді. Ендігі үлесі басым түрге екі жүзді қырғыштар жатады. Соңғыларының ішінде жүздері ұзыны мен қырынан және ұзынан және қырынан қосарлана жасалған түрлері көп кездеседі. Сондай-ақ бүтін және сынық малтатастардан жасалған қырғыштар да кездесетінін айта кету керек. Қарулардын арасында анкоштардың (жүзінің ішкерлей доғалданған, ішкерлей отыра тіс-тіс түрінде келген түрі), сондай-ақ үшкір ұштары бар құралдардың үлесі аз емес. Кейінгі тас ғасырынын құралдары: тескіштер, кескіштер мен қырғыштардың үлесі аз. Екі жақты (бифасі құралдардың кездесуі назар аударарлықтай жәйт. Олардың арасында беті мұқият өңделген ірі және орташа көлемдегі даналары кездеседі. Леваллуалық бөлшектер: ұштар, тіліктер мен жаңқалар көп кездеспейді. Қарулар арасында тіліктер мен тіліктеп бөлінген бөлшектер, жаңқалар және ретушті сынықтар көптеп кездеседі.

Қошқорған I ескерткішінің тас құралдар өндірісін бағалай келе, төмендегідей негізгі қорытындыларға келеміз:

1. Біршама жақсы жетілген леваллуалық техника тасты өңдеудегі қарапайым ортогональды, радиальды протопризматикалық техникамен қатар жүрген. Тасты өңдеуде сірә, тіліктеп бөлу әдісі колданылған болса керек.

2. Леваллуа нуклеустері басым болуымен катар, леваллуалық бөлшектер және сонымен қатар жұмыс беті фасеттелген бөлшектер де кездесіп отырады. Нуклеустерде бөлініп алынған бөлшектердің мөлшері кішкентай, ұзындығы қысқа, пішіні шомбал келген. Қарулардың ішінде түрлі қырғыштар, оймыш және оймыш тісті қарулар, тырнауыштар және сондай-ақ опырмалар мен ретуші бар сынықтар көбірек кездеседі.

Жоғарыда айтылғанның бәрі Қошқорған I ескерткішінен жинап алынған артефактілердің жиынтығы, майда құралдар жасау өндірісінің түріне жататынының тағы да бір дәлелі. Ал тас қарулардың (қырғыш пен майда қырғыштар, тескіштер және т.б.) көптеп кездесуінен алғашқы қауым адамдарының бұл жерде ұзақ уақыт бойы мекендегенін көреміз.