Соңғы үш жыл бойы ескерткіш мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттелді. Қазақстанның ортағасыр тарихы жайлы және археология жайлы, ғылыми баспаларда жарияланған, жаңа қызықты материалдар алынған.

Ескерткіш Орал қаласынан оңтүстікке қарай 12 км, Шаған өз. үлкен поймалық тармағымен пайда болған негізгі жағасының үстінде орналасқан. Қалашықтың аланы шамамен 7 га болады. Құрылыстардың қалдықтары бірыңғай тұрған, биіктігімен 0,3-0,6 м, әр түрлі жоспарлы және өлшемді, төбешіктер түрде сақталған.

Қалашықтан батысқа қарай 2 км, Свистун тауының төбесінде қала қорымы орналасқан. Мұнда жоспар бойы өзімен дөңгелек төбешіктер болып көрінетін, биіктігімен 2 м дейін, үстінде күйдірілген кірпіштердің бөліктерімен, мемориал құрылыстардың күмбездерінің және қабырғалардың декоры болып әйнекеленген изразецтердің фрагменттері себілген кесенелердің қалдықтары. Қорымда ортағасыр ескерткіштерінен басқа ерте темір ғасырының, диаметрлері 40 м жуық, биіктігі 1,2 м обалары орналасқан.

2006 жылы маусым жазында Жайық қалашығының қорымында, Үлкен кесененің жанында шұңқырлардың біреуі және ерте темір ғасырының обасы зерттелген. Сопақ формалы шұқыр, төбешіктің оңтүстік бөлігінде, Үлкен мавзолейден шығысқа қарай орналасқан, өлшемдері: 10*14 м, тереңдігі 1,3 м. Ұқсас екі шұңқыр Кіші мавзолейдің солтүстік- батыс жағында да бар. Қазба, қалдырылған орта жиекпен батыс жартысында салынған. Қазбаның солтүстік секторында 50 см тереңдікте қаптау плиткалар, сыртқы жағынан сырланған, құмыралы ыдыстарының фрагменттері, темір заттардың түптері, қылталары, күлтелері, тұтқалары, тандырдың фрагменттері табылған. Геометрикалық, өсімдікті және эпиграфикалық әшекеймен қаптау плиткалардың фрагменттері Үлкен мавзолейде табылғандарымен бірдей.

Қазба жұмыстары Үлкен мавзолейдің жанында орналасқан шұңқырлар мавзолейдің құрылу кезінде қыш ерітіндісін жасағанда пайда болғанын көрсеткен. Келешекте шұңқыр сынық ыдыстарды, құрылыс материалдарды, мал сүйектерін лақтыратын шұңқыр ретінде пайдаланған. Шұңқырдың толтыруында көп үй жануарларының сүйектері, қыш ыдыстарының фрагменттері, қаптау плиткалар, күйдірілген кірпіштер, темір заттар табылған. Алынған нәтижелер және байқаулар қорымдағы мемориалдың құрылысы үздіксіз күтілгенін көрсетеді, үнемі ылғи ремонтталған. Қорымдағы мавзолейлер ғибадат құрылысының ролін атқарған. Мавзолей алдындағы алаң, күйдірілген кірпішті қабырғамен қоршалған, көрінісіне қарағанда, намаз оқитын орын болып қолданған, бұнда да құдайы тамақ және құрбан шалу жасалған.

Қорымның ерте темір ғасыры обасында археологиялық зерттеулері жүргізілді. Үлкен мавзолейден 300 м оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан №3 оба, авариялы жағдайда болған. Оба жобасы дөңгелек, жайылған үйме болған, диаметрі 18 м, биіктігі 0,3 м. Қазба жұмысы барысында обаның СБ және ОБ сектрлерінің орта бөліктерінде әр-түрлі деңгейде көмір қалдықтары, күйген ағаштың фрагменттері, тас қайрақ, жерленген адамның қаңқа сүйектері, қолдан жасалған қыш фрагменттері табылған. Материк қабаты тазаланған кезде төрт қола үшқанатты садақ бастары табылған. Обаның көне жер бетінде, тік бұрышты формалы. өлшемі 5*4 м, жалпақтығы 40 см, қыш үйменің конструкциясы тазаланған. Обаның орта бөлігінде екі қабір табылған.

№1 қабір. Обаның батыс бөлігінде орналасқан. Қабірдің өлшемі 2,45*2,50 м, тереңдігі 1,5 м, бұрыштарымен төрт тарапқа қаратылған. Оба шұңқырында қола үш қабырғалы бүркеме ұңғылы садақ басы, қанжардың, сынған қырлы кесек қиылысымен қол орақты басты сап, 4 қола үш қанатты садақ басы табылған. Қабірдің түбінде, оның оңтүстік бөлігінде аяқ сүйектерсіз, басымен оңтүстікке, бетімен солтүстікке қаратылған, жерленгеннің қаңқа сүйектері орналасқан. Қаңқа сүйектері шалқасынан орналасып, қолы денесі бойы орналасқан, екі қолы білек ортасынан қол буынына дейін жоқ. Қабір көне заманда тоналған, сүйектері, қыш ыдыстардың фрагменттері, табылған қару жарақ заттар толтыру да әртүрлі деңгейде табылған. Қабір шамамен б.д.д. ІІ-І ғғ. деп табылған.

№2 қабір. Обаның шығыс бөлігінде орналасқан. Жерлеу төрт бұрышы, бұрыштарымен төрт тарапқа бағытталған. Қабір шұқырының өлшемі 2,60*1,35 м, тереңдігі 1,95 м. Қабір шұңқырын тазалаған кезде ағаш фрагменттері, коррозияға ұшыраған темір заттары (дөңгелек ауыздықтар, дөңгелек псалий, пышақтың фрагменті), жылқының сүйектері, үлкен емес кемерде орналасқан, екі көлденең жабылатын төс ағаш кездескен. Әртүрлі деңгейде жерленгеннің жамбас сүйектері, төменгі жақ сүйегі табылған.

Қару-жарақ заттарынан екі коррозияға ұшыраған, біреуі сақталған қиылысымен және сабының үшімен, екіншісі сақталған жүздің бөлігімен, қанжар қолсаптары, сақталған түптерімен қола сабақ бастары болған ағаш ендірмелерімен тері қорамсағы, темір шыбықтар және коррозияға ұшыраған қорамсақтың қармағы табылған. Қабір шұңқырында жерленгеннің қозғалмаған бас сүйегі, астыңғы жақ сүйегін, қола айнаның фрагменті, қанжардың ұзын қолғабы, себілген бордың кішкентай кесегі табылған. Қабір шамамен б.д.д. ІІ-І ғғ. деп белгіленеді.

Қалашықтың қорымында Үлкен мавзолейден солтүстік-батысқа қарай 40 м орналасқан дөңгелек үймеде екі шурф салынған Үйме жоба бойы дөңгелек формалы, диаметрі 50 м. Үйменің биіктігі 0,3 м, ішкі алаңның белгілі төмендеуі бар. Дөңгелек үйменің солтүстік-батыста салынған шурф күйдірілген және саз кірпішті конструкцияның фрагменттерін, қыш ыдысты, сүйектердің барын көрсеткен жоқ. Шарфтың солтүстік-шығыс бөлігінде, 35 см тереңдікте, басымен батысқа бағытталған, ағаш қалыпта баланың қаңқа сүйегі табылған. Үйменің ішкі алаңының орта бөлігінде салынған екінші шурф та мәдени қабаты барын көрсеткен жоқ. Тәрізі бұл дөңгелек үйме ертерек заманмен, ерте темір ғасыры деп белгіленеді және ғибадатхана болған.

Қалашықта үлкен емес, диаметрі 17,7 м, биіктігі – 0,5 м, моншадан 10м солтүстік-шығысқа қарай орналасқан, топырақ төбе қазылды. Тазалау нәтижесін де, екі бөлмеден тұратын, тұрақ құрылыстың қалдықтары табылған. Оңтүстік бөлмеде, ұзындығы 1,4 м, жалпақтығы 0,8 м, сазбалшықты қабырға сақталған. Ол екі қатар көлденең қойылған кірпіштерден қаланған. Кірпіштердің өлшемі 40*26-28 см. Оңтүстік бөлменің шығыс қабырғасының ішкі жағына, өлшемі 1,8*0,75 м, суфа жалғасқан. Солтүстік бөлме 5,6*2,6 м өлшемді. Шамасы, оңтүстік бөлме тұрғынды болған, екінші бөлме шаруашылыққа арналған. Қалашықта, тұрған-жайлардың арасында орналасқан төмен жерлердің біреуінде қазба салынды. Алғашқы зерттеулер, тұрған-жайлардың жанында орналасқан ойпаттар бөгендер – хауздар екенін көрсеткен.

Қазбамен «үлкен» усадьбіден солтүстік-шығысқа қарай 25 м орналасқан, созылған дөңгелек формалы, үлкен емес ойпаттың жартысы зерттелді. Тазалау дөңгелек формалы, қоңыр түсімен айырылатын конструкцияны ашты. Қазбаның батыс шетіне қарай, 40 см тереңде қыш ыдыстардың фрагменттері, үй жануарларының сүйектері табылған. Мұнда 5 см қалыңды, сұр күлді топырақ қабаты белгіленеді. Төмендік жер типті тұрақтың қалдығы болуы мүмкін.

Қалашықтан алынған қыш ыдыс коллекциясында ас ішетін, асүйлік және шаруада пайдаланатын, арнайы қыш заттары және архитектуралық декорының заттарын бөлуге болады. Бүкіл ыдыстар қыш дөңгелегінде, ұсақ түйірлі қыштан жасалған. Ыдыстардың арасында құмыра, құмған, құйғыш шүмегімен құмыралар белгіленді. Түп фрагменттері бойынша, бүкіл ыдыстар жайпақ түпті. Ыдыстардың әшекейі бірнеше вариантта көрсетілген. Ең жиі кездесетін қисық және тік ирек тіс штампты бел. Бұл әшекеймен күлтенің шеті, күлте, мойынан денеге қарай ауысатын зона әдеміленген, тіс штампты бел құмыралардың йығына салынған. Ирек және тік сызықтармен мойыннан кеудесіне қарай ауысатын зона және тұлға әшекейленген. Ойылған қисық сызықтар күлтеге, терең емес тесіктер салынған. Ыдыстың негізгі әшекейленетін бөлігі, бүкіл әшекей түрлермен әдеміленген, мойыннан кеудеге қарай ауысатын зона. Арнайы арналған қыш заттары шығыр ыдысының сынықтарымен, шамдалмен, су өткізетін құбыр фрагменттермен және олардың «тығын қақпақтарымен» көрсетілген. Архитектуралық-декоративті заттар декоративті плиткалардың фрагменттерімен, имек және тік сызықтармен әшекейленген қыш тақташаның сынықтарымен және сырмен құйылған қаптау кірпіштердің фрагменттерімен көрсетілген.

Жалпы, қалашықтан алынған заттар алтын орда дәуіріндегі үй салу дамуына Хорезм және Сырдария аймағының үй салу дәстүрі маңызды ықпал еткені жөнінде пікірге түюге болады. Қалашықтағы зерттелген тұрған-жайлардың Төменгі Поволжьедегі тұрғын тұрған-жайлардың жоспарымен ұқсастығы және айырмашылығы бар. Жайық қалашығында моңғол типті үйлермен көрсетілген Поволжье қалашықтарынан ерекше тұрғын конструкциялар әлі табылған жоқ. Мұнда тұрғын, бірнеше бөлмеден тұратын, күрделі қыш қабырғалармен бөлінген анфиладтық жоспары белгіленген. Олардың қабырғалары бүкіл биіктік бойы қыш кірпіштен салынған. Тұрған-жайлардың ағаш конструкциялардан жасалған құрылыстары мен аулалары бар.

Тұрғын бөлмелерінің интерьері суфаға жүргізілген және тік мұржамен сыртқа шығарылған, түтіндігі тандырмен жылытылатын, «кан типті» деп аталған «П-бейнелі» суфамен көрсетілген. Бөлмелерде тікбұрышты формалы, күйдірілген кірпіштен қаланған пештер де бар. Шаруашылық бөлмелерде қойма шұңқырлар, қоқыс шұңқырлар, ташнауалар орналасқан.

Қала, тұрғын тұрған-жайлардың, өндіріс және қоғам-еденнің астынан жылыту жүйесімен, шығыс монша, құрылыстарынан, кірпіш күйдіретін және қыш жасайтын пештерінен тұрып, осы жерде XIV ғ. бойы жасап келген. Қалашықтың қорымында ғибадатханалардың, екі камералы күмбезді кесенелердің полихромды сырмен мол әшекейленген қалдықтары орналасқан.

Жайық қалашығының орнындағы қала XIV ғ. бірінші жартысында, Алтын Орда тарихындағы тұрақтық және қала мәдениетінің өркендеуі болып бейнеленетін, Өзбек (1313-1339) және Жәнібек (1312-1357) хандарының билеуі кезеңдерінде пайда болуы мүмкін.

Жайық қалашығы – Жошы-хан кезеңінің қала мәдениетінің ескерткіші болып, қаланың ортағасырлық бейнесі, тұрмысы, мәдениеті, шаруашылығы өте жақсы суреттеледі.

Ғылыми-зерттеулердің нәтижелері, ескерткіштің облыстық орталығына жақын орналасқаны оны «ашық аспан астындағы мұражай» жасауға және мәдени-ағарту мақсаттарда пайдалану үшін қызықты және тартымды тарихи-мәдени ойландыруға мүмкіндік береді.