Сонымен бірге Арал бойындағы өткен ортағасырлық тарихи-мәдени процестерді қайта қалпына келтіру үшін маңызды деген қала мәдениетін зерттеу қажет.

Жанкент қалашығы дала көшпенділерінің және ортаазиялық егіншілік оазистердің үздіксіз түйісуінің зонасы, көш-қон және сауда жолдарының «қиылысы» болған. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы әр-түрлі ұлыстардың орнықты бірігіп тұруы үшін шарттар құрылған. Мұнда өткен белсенді этногенетикалық процестер зерттеушілерге, халықтың тарихында аса маңызды аумақ секілді, Арал бойы өңірін бөлуге, «этногенездің арал түйіні» деп атауға мүмкіндік берген. Бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері бойынша, Сырдария өзенінің төменгі жағындағы Жанкент қалашығы (Янгикент) «оғыз патшаларының» резиденциясы болған. Қаланың қалдықтары қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Қалашық жобасы бойынша тікбұрыш пішінді келген, көлемі 325*200 м. Қалашықтың солтүстік-батыс жағында жақсы сақталған цитадель орналасқан. Қаланың батыс және шығыс жағында кіретін қақпа орын тепкен. Қалашықтың фортификациясы алдына шығып тұрған жартылай дөңгелек мұнаралы сыртқы қабырғамен белгіленген.

Ескерткіште бірінші археологиялық жұмыстарды 1867 ж. Түркістан археологиялық қоғамының мүшесі П.И. Лерх бастаған1. Ескерткіштің жоспары жасалған, қалашықтың сыртында кішігірім қазба жұмыстары жүргізілген. Алынған материал бойынша ескерткіш XIV-XV ғғ. деп белгіленген.

1868 ж. ескерткішті В.В. Верещагин зерттеген2. Алдын ала анықтау жұмыстары С.П. Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен 1946 ж. өткізілді. Қалашықтың топографиялық жоспары түсірілді, материалдар жинақталды. Осы алынған материалдар бойынша қалашық тұрғындарының егіншілік-көшпенді-балық аулау комплексті шаруашылығы туралы, Хорезммен мәдени- шаруашылықтық тығыз байланыстары туралы және қалашықтың оғыздарға жататыны туралы ой пікір айтылған.

Бірақ ескерткіште кешенді жоспарлы археологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ежелгі қалашықтың зерттелуінде жаңа кезең 2005 ж. БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен, РҒА Этнология және антропология институтымен және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен үш жақты шарт бойынша басталды.

2005 ж. далалық мезгілде солтүстік-батыс бөлігінде бірнеше стратиграфиялық шурфтар және қалашықтың шығыс бөлігінде қазба салынған.

2006 ж. қазба жұмыстарда қалашықтың шығыс бөлігінде тұрғын үй кешені зерттелген. Келесі қазба бекіністің қабырғасында салынып, қалашықтың цитаделінде жұмыстар басталды. Бұдан басқа Мыңтөбе қалашығының қорымындағы Алтын орда уақытына жататын, Жанкент қалашықтың жанында орналасқан кесене зерттелген.

Бекініс қабырғасындағы қазба.

Қалашықтың солтүстік қабырғасының орталық бөлігінде ұзынша тұсынан салынды. Қазбаның жалпы көлемі 108 кв.м. Қабырғаның стратиграфиясын зерттеу мақсатымен қазба ішінде қалашықтың батыс және шығыс бөліктерінің қиылысында ені 1,5 м, ұзындығы 12 м болатын, батыс-шығыс сызығымен бағытталған траншея салынды. Қабырға стратиграфиясының жалпы сипаттамасы (шаршылардың солтүстік қабырғалары бойынша). Қабырға ені 07-1,1 м, биіктігі 0,6 м пахсадан жасалған блоктардан құрылған. Блоктар үстінен пахса кірпіштерінің қирандылары белгіленген, көлемдері: 30-35 см * 15-20 см * 10-15 см. Қабырғаның ені алдын-ала болжау бойынша – 6,5 м. Қабырғаның ені бойымен белгіленетін биіктігі 0,6 м соғылған саз платформа үстінен көтерілген (іргетас?). Платформадан төмен карбонат қосындылары, мал сүйектері, қыш қалдықтары қосылған қара-сұр қабат байқалады. Одан төмен ленталық шөгінділер қабаты (көмір, сұр, жасыл, қоңыр) жайылған. Стратиграфияда белгіленген қабырға қирау құрылымы біркелкі емес. Пахсадан салынған қабырғаның табиғи түрде жайылып, қирағаны көрінеді. Стратиграфияның барлық қабаттарында қыш қалдықтары, мал сүйектері (негізінен, қой, жылқы), төменгі қабаттарда балықтың қабыршағы кездеседі. Соңғы батыс шаршының стратиграфиясы өзгеше. Жоғарғы қабатында қоңыр құмдақ пахса қирандысын жауып келген. Пахса кірпіштері – 0,5 м деңгейінде қалау түрінде салынған. Пахса блоктары бұл квадратта белгіленбейді. Бұл қалашықтың ерте салынған батыс бөлігі, ал жоғары сипатталған стратиграфия кейін қосылып құрылған қалашықтың шығыс бөлігі болуы мүмкін.

Қазба кезінде 2 қола монета табылды. Керамика материалдары негізінен көзеден жасалған, жақсы күйдірілген қыштан тұрады. Ұсақ құмнан жасалған, қыры қалың. Қыш бөліктерінен келесі ыдыс түрлері бөлінеді: жоғарғы жақтары ілгек тәріздес ою салынған хумдар: түбі жалпақ және төмен тік қабырғаларымен ірі ыдыстар: жалпақ тұтқасы қырынан доғал келген ожаулар. Ірі сұр саздан жасалған тұтқалардың бөліктері кездеседі. Табылған күлті бөліктері бойынша келесі түрлер бөлінеді: шеттері ішіне қайырылған тік; шеттері үшкірлене сыртқа сәл қайырылған, жоғарғы жақтары қисық тіліктер салынған жабыспалы білігі (валик) бар. Ыдыстардың түбтері тік.

Қыш бұйымдарына ыдыстың сынығынан жасалған ұршық жатады. Күлтілердің тек қана жоғарғы жақтары өрнектелген. Оюлар ыдыстың шеттеріне салынған көлбеу шырша және ыдыстың мойынына тік шырша түрлерінде келеді. Қалашықтың қабырға мен оның қирандыларында табылған қыштың негізгі бөлімі, I мың. ортасынан VIII ғ. дейін деп белгіленетін С.П. Толстов3 сипаттаған қышқа сәйкес.

Қазба жұмыстарының жалғасуы қалашықтың бекініс қабырғаларының құрылған кезеңдерін анықтайды.

Цитаделдегі зерттеулер. Қалашықтың цитаделі жақсы сақталғандардың бірі, әрі кейінгі уақыттың эсерлері тимеген. Цитадельдегі қазба жұмыстарының мақсаты, мәдени-хронологиялық кезеңіне, стратиграфиясына, планиграфиясына және басқа ерекшіліктеріне қарай ақпарат алу. Қазбаға сыртқы жағынан (солтүстік- шығыс бұрышы), бекініс қабырғасының үлкен емес кесілген жері бар, цитадельдің ішкі, солтүстік- шығыс сектрі алынды. Қазба оның келесі жалпы координаттық тор сызығындағы қиындымен қосуға, қабырғаның және жаңа салынған бірыңғай стратиграфиялық профилінің қиындысын алуға салынған. Қазбаның жалпы алаңы 144 кв.м.

Қазба жұмыстары барысында үлкен стационарлы тұрақтың, интерерінде және жобалауында Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетіне лайық үй салу салтына тән бірнеше бөлме табылған. Шаруаға және тұруға арналған бөлмелер белгіленеді. Сонымен қатар қазбада ас бөлменің қалдықтары зерттелген, оның ортасында, жанында ыдыстардың сынықтары: хум, таба, дастархан секілді, тікбұрышты пішінді ошақ орналасқан. Тұрғын бөлмелерінде қабырғаларға көлденең орналасқан суфалар тазаланды, бөлмелер үлкен емес ошақтармен жылынған.

Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттардың мол коллекциясы, мыс күмістермен, шаруа құралдарымен, сырға, сақина, қоңырау, I мыңжылдықтың аяғындағы II мыңжылдықтың басындағы ескерткіштердегі ұқсастығы бар тігілетін белгілер сияқты қола өнімдермен сипатталады. Қыш бұйымдар қолдан және станокта жасалған ас және шаруа ыдыстарымен хум, құмыра, саптыаяқ, кесе, дастархан секілді түрде көрсетілген. Ыдыстың әшекейі, Қазақстан және Хорезм қала ыдыстарына лайық кесілген ирек сызықтардан тұрады, Сарыарқаның ортағасырлық көшпенділердің декоративті қалыпқа ұқсас таңбалары да бар.

Сонымен, Жанкент цитаделінде қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған қыш ыдыстар кешенінде Оңтүстік Қазақстанның және Сарыарқаның отырықшы-егіншілік және көшпенді тайпаларының мәдени салттары қарастырылады. Жанкент қыш ыдысындағы түрлі мәдени дәстүрлердің үйлесуі әртүрлі мәдени-шаруашылық түрлері бар оғыз этносаяси бірлестігі аясындағы түркі тайпаларының тығыз байланысының нәтижесі. Бүл жазба деректерден де жақсы байқалады..

Ортағасырлық Жаркенттің щаруашылық салты туралы қалашықтың маңайындағы тұрғындардың егіншілікпен айналасқанын көрсететін ирригациялық құрылыстар – арықтар және остеологиялық материалдар (қойдың, ірі-қара малының, жылқының, түйенің сүйектері). Қабатта балықтың қабыршақтары мен сүйектері мол түрде ұшырасады.

Мыңтөбе қалашығы қорымындағы кесененің зерттелуі. Мыңтөбе қалашығы, жеке төбелер тәріздес болып көрініп, Жанкент қалашығынан солтүстік-батысқа қарай 2 км қашықтықта орналасқан. Жердің өңделіп кетуіне байланысты ескерткіштің нақты шекарасы белгіленбейді. Қалашықтың аумағынан қыш ыдыстың мол санды фрагменттері, мыс монеталар, көгілдір плиткалардың фрагменттері табылған. Қалашықтың алаңы шамамен 300*400 м. Қалашықтың аумағында диаметрі 12 м, биіктігі 1 м, жекелеген үлкен емес төбелер белгіленді. Қалашықтан оңтүстік-батысқа қарай бірнеше төбелер орналасқан, олардың жеке үй-жайы болуы мүмкін. Жиналған заттар бірқатар қыш ыдысының коллекциясымен, мал сүйектерімен, нумизматикалық заттар түрінде. Нумизматикалық заттар XIV-XVII ғғ. мыс монеталары болып келеді.

Қорым қалашықтан оңтүстік-шығысқа қарай 700 м жерде орналасқан, қазіргі уақытта құрылыстар тұрғын үйлердің астында қалған. Зерттелген кесене арық қазып жатқан кезде табылған, бұл жерде 13*13 м көлемді қазба салынды. Нәтижесінде қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде кесененің солтүстік және батыс қабырғалары табылды. Қабырғалардың арасында бұрыш жақсы сақталған. Қазба жұмыстар барысында құрылыстың жоспары тікбұрышты, бұрыштарымен төрт тарапқа бағытталғаны анықталды. Құрылыстың көлемі шамамен 13*16,9 м. Құрылыстың жақсы сақталған солтүстік қабырғасы көлденең қойылған күйдірілген кірпіштерден қаланған. Оның шығыс бөлігі қираған. Қабырғаның сыртқы шеті бірқатар қойылған, өлшемі 26*12*6 см тікбұрышты кірпіштерден салынған, ішкі шеті және ортаңғы бөліктері өлшемі 24*24*15 см болатын төртбұрышты кірпіштен салынған. Қабырғаның жалпақтығы 1,4 м, сақталған бөлігінің жалпақтығы – 0,72 м. Шығыс қабырға кейбір тұста аршылды, оның ішкі шеті тек қана бірқатар кірпіш түрінде сақталған. Солтүстік қабырғадан 4 м қашықтықта, 0,78 м терендікте, шеттері қиылған, қалыңдығы 4 см күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, жартылай дөңгелек түрде құрылыс интерьерінің қалдықтары сақталған. Кесененің оңтүстік-шығыс бұрышы кірпіштердің қирандылары түрінде келген. Құрылыстың орта бөлігінде, бір-біріне тығыз, астына қарай иіліп қойылған түрдегі конструкцияның шығыс бөлігі тазаланды. Бұл қабірдың үстіндегі құрылыс болуы мүмкін.

Қазбаның бүкіл алаңында әртүрлі деңгейде күйдірілген кірпіштердің, глазурленген плиткалардың сынықтары, қыштың фрагменттері, мал сүйектері табылды. Қыш ыдыстар ұсақ құмнан жасалған. Сынықтар қызыл және сұр түсті. Қыш ыдыстың негізгі өрнектелетін тұсы күлтелер және ыдыстардың иықтары. Бұл ыдыстардың иықтарындағы тік кесілген және ирек сызықтар және шымшылған әшекеймен білік шемен күлтелер. Көгілдір және жасыл әйнекті фрагменттер кездеседі. Глазурлі плиткалардың арасында тікбұрышты, трапециялы, төрт бұрышты формалы, рельфті өсімдік, эпиграфикалық және әртүрлі геометрикалық оюмен өрнектелген фрагменттер кездеседі.

Қазба жұмыстарының және байқаудың нәтижесі бойынша мемориалды-ғұрыпты құрылыс тікбұрышты формалы, мүмкін шығып тұрған порталы болған. Әзірге XIV-XV ғғ. деп белгіленді.

Жалпы қыш заттардың анализы, қорымдағы кесененің қазба жұмыстары, қалашықтағы нумизматикалық материалдар мұнда Алтын Орданың ең жоғары өркендеу кезінде пайда болған, белгілі қала болғаны жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Бұдан арғы археологиялық ескерткіштердің кешенді зерттеулері өңірдің ежелгі және ортағасырлық мәдени-тарихи процестерін қайта қалпына келтіру үшін жаңа ақпаратты материалды алуға негізделеді.

1.     Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. Спб., 1870, х. 39 с.

2.     Археологическая карта Казахстана, Алма-Ата, 1960 г. с. 192

3.     Полетов С.П. Города гузов // Советская этнография. 1947, №3.