Мерке - Жайсан ұлттық табиғи және этномәдени парк құру жобасы бойынша дайындық жұмыстар жалғасуда. Болашақ парктің аумағын анықтау мақсатында ескерткіштер көп шоғырланған жерлерде барлау жұмыстары жалғасуда. Барлау жұмыстары барысында Мерке өзенінің жоғарғы ағысындағы, Қырғыз Алатауының солтүстік - батыс беткейіндегі альпі шалғынында орналасқан және құдайға табыну ғұрпын өткізу үшін киелі жер ретінде қызмет атқаратын Мерке ғибадатханасының бөлінбес құрамдас бөлігі ғибадатхананың оңтүстік - батыс жағында ағып жатқан Қарақыстақ өзені алқабы болып табылатындығы анықталды. Аталған жерде, өзен террасаларында түркі көшпелілерінің көптеген жерлеу құрылымдары шоғырланған. Жерлеу ескерткіштерінің құрамы құрылымдық үлгінің типологиялық әртүрлілегімен таныс.

Мерке ғибадатханасындағы ғұрыптық мемориалдардың ерекше орналасуына топографиялық және ландшафтты бақылауда тас мүсінді ескерткіштер, шыны аяқ түріндегі шұңқырлы алтарьлар, руникалық жазулар мен таңбалар түркі көшпелілерінің дүниетанымын жан-жақты қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Бірыңғай иконографиялық стильде орындалған, ер адам мен әйелдің құрметіне арнап салынған монументалды бірдей мүсінді бейнелерінің орналасуындағы белгілі бір заңдылық екі жақты өмірлік циклмен және онымен өзара идеологиялық кешен түсінігіне мүмкіндік туғызады. Түркілердің күнделікті өміріндегі үлкен орынды құдайға табыну ғұрпы, арғы ата-бабаларын құдайдай көру, табиғат күші, жерлеу салты және онымен өзара байланысты тайпаластарын жерлеу салттары иеленді.

Биік таулы Мерке ғибадатханасы археологиялық ескерткіштерінің орналасу аймағы, ондағы көп мөлшердегі культтік мазмұндағы ескерткіштер Батыс Түркі қағанатындағы түркі көшпелілерінің киелі орталығы ретінде қызмет атқарғандығын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген тұжырымдардың нақты түріне батыс түркілерінің әлеуметтік ақсүйектерінің мемориалына, Қарақыстақ 1 обасына жүргізілген археологиялық қазба жұмысы дәлел бола алды.

Қарақыстақ 1 жерлеу кешені Қарақыстақ алқабының ортасында, Мерке ғибадатханасының солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Кешен шығыстан батысқа созылып жатқан үш топты құрайтын 18 қорған үйінділерінен тұрады. Әр топтағы қорғандар тізбегі оңтүстік-батыстан солтүстік - шығысқа бағытталған. 2006 жылдың далалық маусымындағы зерттеу нысаны болып табылған 1 - қорған бірінші және екінші қорғандар тізбегінің аралығында орналасқан және кешеннің орталық бөлігін алып жатыр.

Қорған диаметрі шығыстан батысқа қарай 18 м-ге, оңтүстіктен солтүстікке қарай 19,2 м-ге тең. Үйінді биіктігі 1, 8 м. Қорған үйіндісінде қазба жұмысына дейін тонау ізі байқалған жоқ. Қорғанның алғашқы қалпын қайта орнату үшін қазба жұмысының бірінші кезеңінде қорған үйіндісі тазартылды. Соның негізінде қорғанның бүкіл етек бөлігін қоршап жатқан шеңбер түріндегі қаланған тастар шықты. Тас шеңбердің диаметрі шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай 12 м-ді құрайды. Шеңбер орташа көлемдегі жұмыр тастардан тұрады және екі қабатты болып келген. Бірінші, төменгі қабат үйіндіні ұстап тұру үшін топыраққа қойылған тастан тұрады. Осы тәсілмен тастың екінші қабаты біріншісінің үстіне қойылған. Тастардың бос жатқан бөлігі үйіндіден бұзылу барысында түскен.

Қазба жұмысы барысында үйінді астынан, ежелгі жер қабатынан диаметрі 11, 3 м ішкі тас шеңбер табылды. Шеңбер қабір шұңқырының периметрі бойынша ірі жұмыр тастардан қаланған. Көлемі оңтүстік - солтүстік бағыты бойынша 3,55 м және батыс - шығыс бағыты бойынша 4,20 м болатын қабір үстіндегі ағаш жабу үйінді ортасынан шықты. Кесінді ағаш жабу солтүстік - оңтүстік бағыты бойынша бағытталған. Кесінді ағаш шұңқырдың тек батыс және шығыс бөлігінде ғана толық, ал оңтүстік және солтүстік бөліктерінде жарым - жартылай сақталған. Қазба жұмысы кезінде жерлеу орнының тонауға ұшырағандығы анықталды. Мұны шұңқырдың орталық бөлігін жапқан ағаш кесіндісінің болмауынан, үстін жабуға қойған тастардың әр деңгейдегі тереңдікте жатқандығынан көруге болады. Жерленген адамның тонаудан кейінгі қалған сүйектері жерлеу құрылымының әр бөлігінен, 2,2-2,3 м тереңдікте тіркелді. Жерленген адамның бас сүйегі шұңқырдың солтүстік - батыс бұрышынан табылды. Төменгі жақ сүйегінің бөлігі бас сүйектің артқы бөлігі мен үстіңгі жақ сүйектен онша қашық емес жерде жатты. Сонымен қатар алты сынған, жабыстырылған шыны аяқ түріндегі ыдыстардың бөліктері де жерлеу орнының әр бөлігінен табылды. Қабір шұңқырынан біреуінен басқа қабырға сүйектері табылған жоқ және де қол (тек бір саусақ сүйегі табылды) мен аяқ саусақтарының сүйектері, омыртқа сүйектерінің (үш омыртқа сүйегі табылды) болмауы тән. Құрылымның шығыс бөлігінен, сирақ сүйегінің қасынан алтын жапсырма пластина табылды. Жапсырма пластина ұстатуға арналған төрт тесігі бар төрт бұрышты түрде болып келген. Жапсырма кедір-бұдырлы түрінде жасалған және ортасында геральдикалық күйде құс бейнеленген. Құстың қанаты жоғары көтерілген, қауырсынының жиектері анық көрсетіліп, құйрығы екі дөңгелек түрдегі күйде берілген. Алдын ала жасаған қорытынды бойынша жапсырма пластина киімге бекітілген және жерленген адамның киімі, мүмкін, түгелдей аталған пластинамен тігілуі де. Қабырғаның жоқ болуына байланысты тонаушылар кеуде бөлігін киімімен бірге алып кеткен болуы керек деуге де болады. Әшекейлердің қолының саусақтары (сүйектері жоқ) мен аяқ киімінде (сүйектері жоқ, қайтыс болған адамның сүйектерімен бірге тоналған кезде алынған) болуы да мүмкін.

Үйінді түріндегі құрылысты жерлеу құрылымының үлгісі. орталық қоршаудың периметрі бойынша қабір шұңқырын айналдыра қоршап жаткан тас шеңбер. көптеген ағаш кесінді жабулар қабірдегі және қабір ішіндегі архитектуралық құрылыста мемориалды ескерткіштерді салудағы дәстүрлі тәсілді қолданғандығына дәлел болады. Қаракыстақ 1 жерлеу ескерткіші бірінші мыңжылдықтың бірінші жартысындағы халықтың мәдениетіндегі дәстүр мен ерте ортағасыр кезеңіндегі дәстүрдің сабақтастығын дәлелдейтіндігіне күмән туғызбайды. Табылған геральдикалық күйдегі құс бейнеленген пластина өзінің иконографиясы бойынша Күлтегіннің тас мүсінінің бас киіміндегі құстың бейнесіне ұқсас. Бұл аталған ескерткішті Батыс Түркі қағанатындағы түркі көшпелі ақсүйегінің мемориалы ретінде бағала\та мүмкіндік береді.