Тек бірді-екілі палеолит кезеңінің кездейсоқ олжалары белгілі. Сондай-ақ, 1986 жылы В.А. Иванов, В.А. Кригер жетекшілік еткен шағын топ Ойыл өзені бойын зерттеу барысында аталмыш аудан территориясын басып өтеді. Әрі Саралжын ауылына жақын маңайдан қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл жерде біздің топ та жүмыс жасап, ескерткіштерді қайта қарап, жаңаша анықтамалар берді.
Жалпы, ескерткіштер Тізімі тобы қаражаттың кешеуілдеп түсуіне байланысты өз жұмыстарын қазан, қараша айларында атқаруға мәжбүр болды. Ауарайының қолайсыздығына қарамастан экспедиция барысында Ойыл ауданының негізгі көлемі қамтылып, көптеген ескерткіштер анықталды.
Экспедиция барысында Ойыл ауданы жэне оған қарасты 12 елді-мекенде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, Қайыңды, Көсембай, Саралжын, Қоңырат, Қүмжарған, Қаратал, Қарасу (Ш. Берсиев ауылы), Көптоғай, Қарасу (Құрман ауылы), Амангелді, Қаракемер, Ақшатау елді- мекендерінің аумақтарында орын тепкен ескерткіштер анықталып, тізімге алынды.
Осы уақыт аралығы ішінде 55 археология кешендері жәие нақты орыны анықталмасада, ортағасырлық кірпіш қалдықтары табылған 2 «күдікті» орын белгіленді.
Тізімге алынған ескерткіштердің уақыт кезендері жэне көлемдері де эркелкі. Олар тас дәуірінің олжаларынан Жошы ұлысының соңғы кезеңдеріне дейін созылады. Тізімге алынған археология ескерткіштері тас дәуірінің мерзімдік тұрағынан, обалардан, ғибадатханалардан жэне кыш кірпіштен тұрғызылған ортағасырлық мазарлардан, глазурлі кірпіштері бар кееенелерден тұрады. Саны жағынан қорымдар кешені 1 ғана жеке обадан бастап 161 обаға дейін топтасқан.
Ерте темір ғасыры жэдігерлері арасында Ақжар I-IV, Кетемола (Келмембет), Сарытөбе, Қоңырат V, Ақшат I қорымдары ерекшеленеді. Бұл қорымдар кешені пішіні дөңгелек келген еңселі обалармен қатар бір және бірнеше ғибадатханалардан, «гантель» тәріздес, «батон» тәріздес обалар жиынтығынан құралған. Сондай-ақ, Қырықоба қорымы да атауға тұрарлық. Халық арасында «Қырықоба» деп аталып кеткен бұл қорымда шын мәнінде 161 оба топтасқан. Әрі, барлығы да шашырамай, Ойыл өзенінің жағасында, шағын ғана аумақта бір-біріне өте жақын. тығыз орналасқан.
Экспедиция барысында ұшырасқан ортағасырлық мазар, кесене қалдықтары Ақтөбе облысының Жошы ұлысы және Қазақ хандығы кезеңдерінің ескерткіштерінің шоғырлана бой көтерген өлкелерінің бірі екендігін анықтап берді. Бұған бір ғана Ойыл ауданында табылған ескерткіштер тобы куә бола алады.
Солардың бірі Егізқара шоқысы үстінде орналасқан көлемі кішірек келген мазар қирандысы (Қаратал ауылы). Жергілікті халық арасында сақталған аңыз бойынша жау қолынан қаза тапқан Бэйке, Бике деген егіз қыздың басына көтерілген ескерткіш. Аңыз бойынша екеуі ерлерше киініп алып, ауылға тиген қалмақтармен қақтығыста қазағаұшырайды.
Көптоғай ауылына қарасты территорияда орналасқан Саңғырық кешені ішінде ортағасырлық Саңғырық I; Саңғырық VI қорымдары белгіленді. Саңғырық I қорымы жекелеген төрт үйіндіден тұрады. Уақытын анықтау мақсатында №3 нысанда жүргізілген қазба жұмыстары оның күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мазар екендігін анықтап берді. Кірпіш үлгілері жэне мәйіттердің жерлену ғұрыпы, эрі қабір үстін жапқан құрылыстарға (саркофаг) қарағанда XV ғ. аяғы немесе XVI ғ. бас кезіндегі ескерткіш болуы керек. Саңғырық VI қорымы 46 нысаннан тұрады. Олар күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және топырақтан үйілген.
Көңіл аударарлық келесі бір ескерткіш тобы Шөптікөл корымдары. Үш бөліктен тұрады. Арасында Шөптікөл II қорымы ерекшеленеді. Шөптікөл II қорымы ірі келген 5 мазар қалдықтарынан, бірнеше кішірек келген үйінділерден және шикі кірпіштен тұрғызылған екі құрылыс (тұрғын үй) орындарынан тұрады. Мазар үйінділерінен қыш қірпіштермен бірге көк сыр жалатылған (глазур) кірпіш сынықтары да ұшырасады. Шикі кірпіштен түрғызылған екі нысан жермен-жексен болуға айналған. Қабырғалары жайылып, шөгіп қалған. Дегенмен төртбұрышты құрылыс болғаны анық байқалады. Екеуінің де көлемі шамалас 25*14 м; 26*16 м. Сары саз тәріздес болып жатқанына қарағанда уақытында шикі кірпіштен тұрғызылған құрылыс болуы керек. Бірінің беткі қабатынан табылған сүйек қалдықтары мен керамика сынығы, бұл құрылыстар тұрғын үй маңызын атқарған деген ойымызды бекіте түспек. Өйткені осындай кішірек келген, шикі кірпіштен тұрғызылған қүрылыстар Жошы хан мавзолейінің қасынан да табылған болатын. Әсіресе Жошы хан құрылыстары кешені ішінде «кіші үй» деп белгіленген нысан жақын келеді.
Сырлы кірпіштерге, тұрғын-үй орындарына қарай отырып Шөптікөл II қорымы Ақтөбе облысында бой көтерген Алтын Орда кезеңі ескерткіштері арасында ең көнелерінің бірі жэне уақытында «хан қорық» тәрізді маңыз атқарса керек, яғни, XIV ғ. бой көтерген сәулет өнері туындысы. Шөптікөл II қорымынан бөлек Шөптікөл I және Шөптікөл III қорымдары бар. Бұл аталған қорымдардың барлығы дерлік бір-біріне жақын, суы құрғап кеткен Шөптікөлді айнала, қыр басында орын тепкен.
Қыш кірпіштерден тұратын келесі ескерткіш қалдықтары Қаракемер ауылы маңынан да (Қаракемер II) табылды. Жэне де жекелеген кірпіш қалдықтары Саралжын ауылы (Ойыл - Ақтөбе тас жолының бойында) жэне Көсембай ауылы зираттарының арасынан ұшырасты. Соңғы екеуінде қыш кірпіштерді кейінде көтерілген (XIX г. және XX ғ.) бейіттерге тасып әкеліп іске жаратқан.
Қорыта айтқанда, бұл аталған ескерткіштер енді ғана анықталып, тіркеуге алынған тың дүниелер. Алда Ойыл ауданын толық аяқтау жэне Ақтөбе облысынын басқа да аудандары ескерткіштерін тізімге алу жұмыстары күтіп тұр. Ескерткіштер жайлы негізгі түйіндер мен сипаттамалар осы зерттеу жұмыстарынан кейін ғана толықтай беріліп және ғылыми айналысқа енбек.