Негізгі зерттеулер Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің айрықша шоғырланған жерлерінің бірі болып табылатын Беғазы өңірінде жүрді.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдениет мұралары тізіміне Қазақстан тарапынан ұсынылып отырған ескерткіштердің арасында Орталық Қазақстанның беғазы-дәндібай және тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері бар. Номинацияға бұл ескерткіштерді енгізу жайлы бұрындары қолға алынған, біршама деңгейде атқарылған шаралар бар. Дүниежүзілік деңгейдегі талаптар бойынша, номинацияға енгізілген ескерткіштер аталмыш тізімге қабылдануы үшін әуелі олар тиісті дайындықтардан өту керек. Бұл дайындықтар аясына кіретін шаралар мазмұны жағынан көлемді, түрі жағынан сан алуан кешенді жұмыстардан тұрады.

Аталып отырған «Орталық Қазақстанның беғазы-дәндібай және тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері» атты тақырып «Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жылдардағы жоспарына ұсынылғанда, міне, осы мәселелерді ұйымдастыру және қолдан келгенше орындау көзделген болатын. Атап айтқанда, бұл тақырып аясында номинацияға енгізіліп отырған ескерткіштердің екі мәдениет бойынша ең көрнекті екі тобын таңдап алу, олардың қазіргі техникалық, жағдайын анықтау, оларда қосымша кешенді зерттеу жұмыстарын өткізу - жалпы алғанда, оларды кеңінен және арнайы түрде номинацияға дайындау жұмыстарын атқару керек болатын. «Орталық Қазақстанның беғазы-дәндібай және тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері» атты тақырып 2007-2009 ж. жоспарына кірді, бірақ, оның қаржысы үлкен қысқартуға ұшырады. Осыған байланысты, көзделген жұмыс жоспары да нақты өзгерді. Үш ай бойы арнайы зерттелетін бір топ ескерткіштің орнына бір ғана нысанда жұмыс жүргізу мақсаты қойылды.

Беғазы өңірі - Орталық Қазақстан жеріндегі әр кезеңмен мерзімделетін археологиялық ескерткіштердің көп мөлшерде шоғырланған аудандарының бірі.

Өлкені археологиялық, тұрғыдан зерттеудің тарихы 1946 жылы құрылған, Ә.Х.Марғұланның жетекшілігіндегі Орталық, Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмыстарымен байланысты. ОҚАЭ Беғазы қорымында арасына үзіліс салып 1947-1952 жылдары андронов тарихи-мәдени қауымдастығының 18 қоршауы мен соңғы қола дәуірінің 6 тас кесенесін қазды. Осы тас кесенелерден алынған мәліметтер мен басқа да қорымдардан алынған деректік қорлардың негізінде Ә.Х. Марғұлан соңғы қола дәуірінің жергілікті беғазы-дәндібай мәдениетін бөліп шығарды.

Қазіргі таңда қорымды зерттеу жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан ат. Археология Инстутының Сарыарқа археологиялық, экспедициясы жалғастыруда (жетекшісі - т.ғ.к. А.З. Бейсенов). САЭ атқарған жұмыстарының барысында қорымда андронов тарихи-мәдени қауымдастығының 50 қоршауы, соңғы қола дәуірінің 6 тас кесенесі мен ерте темір дәуірінің 12 нысаны есепке тіркеліп, олардың жекелей нақты сипаттамасы және аспаптық, өлшемдері алынды. Сонымен қатар, есепке алынған ескерткіштерді сақтау, консервациялау шараларына дайындау, келешекте өлкедегі туризм саласын дамыту мен ашық аспан астындағы музей құру мақсатында қорым туралы жалпы техникалық, мәліметтер жасалды.

Қорым айналасында жүргізіл ген барлау жұмыстары кезінде аумақта жаңадан 40-тан астам археологиялық, нысан тізімге алынды. Ішінде қорымдар және жекелеген ескерткіштер бар тізімделеген нысандар қатары қола дәуірінен бастап, ортағасырлар дәуірімен мерзімделеді.

Экспедиция сонымен қатар, Беғазы-ЗБ зиратында қазба жұмыстарын жүргізді.

Беғазы-ЗБ зираты-Сарыарқа экспедициясының далалық ізденістері барысында 2006 жылы ашылды. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында, Шабанбай би селолық, округіне қарасты Беғазы ауылы- нан солтүстік бағытта 1,3 км жерде. Ескерткіш алып жатқан алаңқай Қаратал өзенінің сол жағалауында, Бегазы тауының солтүстік-батыс беткейінде, Беғазыдан Шабанбай селосына апаратын дала жолының сол жағында орналасқан.

Географиялық, координаттары: N - 48.1 67090; Е - 075.21 6540.

Қорым құрамына соңғы қола және ерте темір кезеңдерімен мерзімделетін жерлеу орындары және ғұрыптық, құрылыстар кіреді. Соңғы қола кезеңіне жататын 2 шаршы пішіндес жерлеу құрылысы (сызбада №1,2 обалар ретінде белгіленді) қорымның батыс шетін алып жатыр, 1 тас үйінділі оба (№3 оба) бұл екеуінің солтүстігінде, ал, бұлардан шығысқа қарай орналасқан 4 тасты-топырақты үйіндісі бар оба (№4-7 обалар) меридиан бағытымен, яғни, солтүстіктен оңтүстікке созыла орналасады. Қорымның шығыс шетінде тігінен орнатылған аласа, шағын плиталардан жасалған, дөңгелек пішіндегі 3 ғұрыптық, қоршау бар.

Ағымдағы жылы қорымдағы бір топ нысанға археологиялық, қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл – соңғы қола дәуіріне қарасты 2 шаршы құрылыс (№ 1,2) оған жапсарлас орналасқан 3 шағын құрылыс (№ 3,4,5) және ерте темір дәуірінің №6 обасы.

Батыс-шығыс бағытын бойлай орналасқан №1,2 нысандардың қабір үсті бөлігі үйілген оба түрінде емес, 1-2 қабат қылып жалпағынан қойылған тас плитпалардан пішіні шаршыға жақын төртбұрышты қаландылар ретінде шығарылған. Тұтасымен аталмыш плиталардан шығарылған құрылыстардың орта тұстарында тасы жоқ ашық алаңқайлар бар. Қазу барысында қабірлер осы алаңқайлар астынан ашылды. Ескерткіштерді салуда үлкен плитпалармен қатар, шағын тастар да пайдаланылған. Екеуінің бір-бірінен арақ ашықтығы 2 метрді құрайды.

Екі құрылысқа 2 жеке қазба салынып, соңынан бұл екеуі біріктірілді (1-ші сурет). Зерттеу әдісі талабына сай, нысандарда батыс-шығыс, солтүстік-оңтүстік бағыттарымен негізгі бровкалар қалдырылып, қазба жұмысы топырақ, секторлар аумағы бойынша алынып-аршылып отырған қабаттармен жүргізілді.

NN құрылыс. Ескерткішке жалпы аумағы 141 шаршы метрді қамтитын қазба салынды. Қазба ауданынан 1 негізгі құрылыс, оған оңтүстіктен жапсарласқан 1 шағын құрылыс және қазбаның солтүстік бөлігінде орналасқан 3 шұңқыр анықталды.

Негізгі құрылыстың қабырғалары әлемнің төрт тарапына бағытталған (ұзын ось бойынша құрылыстың негізгі бағыты – ССБ-ООШ). Ұзындықтары: солтүстік қабырғасы – 5,4 м; оңтүстік қабырғасы – 5,8 м; шығыс қабырғасы – 5,7 м; батыс қабырғасы – 6 м. Құрылыстың солтүстік-батыс бұрышында биіктігі 0,45 м болатын, тігінен қойылған тас бар.

Ортадағы диаметрі 2 м-ге жуықтайтын ашық алаңқай астынан ашылған шұңқыр қабірдің өлшемдері: ұзындығы 1,7 м, ені 1,2 м, тереңдігі 0,30 м. Ұзын ось бойынша батыс-шығыс сызығымен өтеді. Тонау барысында қиратылған тас жабындының бірнеше ірі плиталары сақталған. Адам қаңқасы, заттай деректер сақталмаған, тек шұңқырдың әр деңгейінен кездескен жекелеген адам сүйектері мен бірнеше өрнексіз қыш бөлшектерін айтуға болады.

Оңтүстікте жапсарласа орналасқан шағын қосалқы құрылыстың (N23 құрылыс) шеткі тастарын ала есептегендегі шартты өлшемдері: 1,6*2,2 м. Құрылыстың шағын тас жәшік түрінде шығарылған орта тұсының астынан аумағы 0,8*0,7 метр, тереңдігі 0,5 м болатын шұңқыр ашылды. Жерлеудің іздері, заттай деректер жок,.

Қазба жұмыстары жүргізілген ауданнан анықталған үш шұңқыр ескерткіштің солтүстік бөлігінде. №1 шұңқыр негізгі құрылыстың солтүстік-батыс бұрышынан 0,6 м жерде. Өлшемдері: аумағы - 1,5*1 метр; тереңдігі 0,2 метр. №2 шұңқыр солтүстік-шығыс бұрыштан 0,7 метр жерде. Өлшемдері: аумағы – 1,6*0,8 метр; тереңдігі – 0,17 метр. Шұңқырдың солтүстік шеті ашылмаған. №3 шұңқыр І (аумағы 1*1 метр; тереңдігі – 0,2 метр құрылыстың солтүстік-батыс бұрышынан батысқа қарай орналасқан. Бұлардың арасында №1 шұңқырды қазу барысында күл қалдықтары мен жануар сүйектерінің сынықтары шықты. Сонымен қатар, қазба ауданының шығыс шетінен өрнексіз қыштың бірнеше бөлшекетері мен 1 тас кетпен табылғанын айту керек.

№2 құрылыс. №1 ескерткіштен шығысқа қарай орналасқан. Пішіні, құрылыс техникасы мен көлемі жағынан жоғарыда аталған ескерткішке ұқсас. Ескерткішке жалпы көлемі 127,5 шаршы м қазба салынды. Салынған қазба ауданынан 1 негізгі, 2 қосымша жерлеу құрылыстары және 1 шұңқыр орны анықталды. Негізгі құрылыстың айналасында тастардың шағын шоғырлары байқалады. Қазба жұмыстары толық аяқталмағандықтан, негізгі құрылыстың төңірегінен әлі де шағын жерлеу, ғұрыптық орындарының ашылуы мүмкін екенін ескеру керек.

Негізгі құрылыс қабырғаларының ұзындықтары: солтүстікте – 4,8 м; оңтүстікте – 5,6 м; шығыста – 5,8 м; батыста – 5,8 м. Құрылыстың бұрыштарында тігінен қойылған тастар бар. Бұл тастардың жер бетінен биіктігі 0,6-1,01 метрге дейін жетеді.

Алғашқы шым қабаты алынғаннан кейін, нысанның орта тұсында оңтүстік-солтүстік сызығын бойлай жатқан үлкен тас плита анықталды. Мұның астындағы солтүстік-оңтүстік сызығы бойынша бағытталған қабыр шұңқырының өлшемдері: аумағы 2,4*1,6 м; тереңдігі – 1,3 м. Шұңқырдан адам сүйегінің толығымен сақталған қаңқасы табылды. Қаңқа басымен оңтүстікке бағытталып, қол-аяғы бүрістіріле, оң қырына жатқызылып жерленген. Бас сүйектің оң жағына 1 қыш ыдыс қойылған, одан төмен жануардың (киік) 1 өңделген мүйізі табылды.

Уақыт өте келе жарылып, бөлшектенген қыш ыдыс көзе формасында, қысқа мойынды, бүйірі шығыңқы келген, түбі жайпақ. Биіктігі – 16,5 см, ауызының диаметрі – 19,4 см, бүйірінің диаметрі 35 см. Өрнектерге ыдыстың мойынында орналасқан, таяқша ұшымен ыдыстың ішінен басылып шығарылған маржандар мен ыдыс ернеуіндегі көлбеу сызықтар жатады.

Қазылған 2 шағын қосалқы құрылыс негізгі құрылыстың шығыс жағында, батыс-шығыс сызығы бойымен орналасқан.

№4 қосымша құрылыс. Үлкен тас плиталардың астында орналасқан тас жәшікті ретінде сипатталады. Өлшемдері: аумағы 1*0,4 метр; тереңдігі – 0,6 метр. Тас жәшіктің ішінде баланың толығымен сақталған қаңқа сүйектері ашылды. Қаңқа басымен оңтүстікке қаратыла, аяқ-қолы бүрістіріліп, оң жақ қырына жерленген. Заттай табылымға адамның бас сүйегінің сол жағына қойылған қыш ыдыс жатқызылады.

Қыш ыдыс жайпақ түпті, қысқа мойынды, бүйірі шығыңқы келген көзе формасына ие. Ауызың диаметрі – 12 см, мойын тұсының диаметрі – 20 см, бүйірінің диаметрі – 23 см, түбінің диаметрі – 9,5 см. Ыдыстың биіктігі – 11,9 см. Өрнектерге ернеудің төменгі жағында орналасқан белдеу тәріздес сызықша мен иық, тұсындағы іштен басылып шығарылған маржандар жатады.

№5 қосымша құрылыс. N24 қосымша құрылыстан шығысқа қарай орналасқан. Шым қабаты алынғаннан кейін аумағы 1 м-дей жерді алып жатқан тастардың шоғыры анықталды. Қазба жұмыстары барысында мұның астынан диаметрі 0,8 м, тереңдігі 0,6 м болатын шұңқыр қабір ашылды. Тоналған қабірдің түрлі деңгейінен адам қаңқасының жекелеген сүйектері кездесті. Қабірдің түбінен 1 бүтін қыш ыдыс пен екінші бір ыдыстың ернеуінің 1 бөлшегі табылды.

Қыш ыдыс тік мойынды, жайпақ түпті, бүйірі шығыңқы көзе тәріздес формаға ие. Ауызының диаметрі 16,4 см, мойынының диаметрі – 25,25 см, бүйірінің диаметрі – 28,75 см, түбінің диаметрі – 11,5 см. Биіктігі – 14,3 см. Ыдыстың ернеуі бір қатар көлбеу сызықтармен өрнектелген.

Ескерткішке салынған қазба жұмысының барысында анықталған шұңқыр негізгі құрылыстың батыс қапталының солтүстігіне қарай орналасқан. Шұңқырдың диаметрі 0,8 м, тереңдігі – 0,2 м.

№6 оба. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылыңқы-сопақшалау формадағы обаның тас пен топырақ араластыра салынған үйіндісі бар. Үйіндінің өлшемдері: ұзындығы – 5,2 м, ені – 4 м, биіктігі – 0,55 м. Қазу барысында, шым қабатының астынан солтүстік-батыс сектордан қыш ыдыс бөлшектері кездесті. Үйіндіні астынан, орта тұста аумағы 2,5*1,6 м болатын тас қаланды анықталып, мұның астынан аумағы 2,2*1,2 м, тереңдігі 0,8 м шұңқыр қабір ашылды. Қабыр солтүстік-батыс – оңтүстік-шығыс сызығы бойынша бағытталған. Түбінде екі адамның толығымен сақталған қаңқа сүйектері шықты. Қаңқалар бастарымен солтүстік-батысқа бағытталып, қол-аяғы бүрістірілген қалыпта, сол қырына жатқызылған. Екі қаңқаның да бас жақтарында «тас жастықтар» бар. Заттай деректерден сол жақ қаңқаның бел тұсынан шыққан, қоладан құйылған айна бар. Дөңгелек пішіндегі айнаның қысқа қолдығы бүйірден шығарылған.

№2,4,5 құрылыстардан ал сынған қыш ыдыстар доңғал уақытының ыдыстары қатарына жатқызылып, бұл ескерткіштер қола дәуірінің аяқталар сатысымен мерзімделді (б.з.д. 9-8ғғ.). Бұл-беғазы-дәндібай мәдениетінің соңғы сатысы. Табылған қола айнаның мерзімдемесі бойынша сақ дәуірінің №3 обасы б.з.д. 7-6 ғғ. жатқызылды. Бұл ескерткіш Орталық Қазақстанның тасмола мәдениетіне қарасты.

Қорымдағы жұмыстар толығымен аяқталмағандықтан, алдағы далалық маусымда жалғастырылады. Беғазы зиратының айрықша маңызы бар ескерткіштер қатарына жататындығына байланысты, оның төңірегіндегі осы мәдени кезеңмен байланысы бар жәдігерлердің осы заманға сай деректемелік қорын жасау өзекті болмақ. Алдағы далалық маусымдарда Беғазы зираты маңындағы осындай ескерткіштердің, сондай-ақ, беғазы-дәндібай мәдениетінің басқадай айрықша ескерткіштерінің аспаптық өлшемдерін алып, нақты сызбаларын жасау, олардың қазіргі жағдайының сипаттамаларын дайындау жұмыстары да атқарылмақ.