Зерттеу нысаны ретінде Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Өлеңті өзенінің төменгі ағысында орналасқан Әулиекөл археологиялық кешені таңдалып алынды.

Зерттелетін нысан Қаражар ауылының оңтүстік шығысында, батысында Өлеңті өзені, оңтүстігінде Әулиекөл өзенімен шайылатын Қараоба атты түбекте орналасқан. Түбектің жоғарғы жағында Қанжығалы руының ертедегі зиратының ортасында сынған күйдірілген кірпіш, көк сырлы плиткалар сынықтары, әк тас қосындысының қалдықтары кездесетін үйінділер түрінде сақталған кірпіш ғимараттардың қалдықтары орналасқан.

Үйінділер айналасында көптеген кішкентай төбешіктер мен ойпаңдар кездеседі, олардың бір бөлігі ХІХ-ХХ ғғ. саман мазарлар мен бейіттермен басылып қалған. Осында, сонымен қатар үйінділердің батысында, жер бетінде ортағасырлық керамика жинақталған, ал шурф жасау нәтижесінде жануарлар сүйектері мен осы кезеңге жататын керамика кездесетін мәдени қабат анықталды.

Төбелердің бірінде зираттың ортасында диаметрі 30 м, биіктігі 1,48 м, аумағы 750 кв.м. қазба салынды. Жұмыс барысында күйдірілген және шым кірпіштен салынған құрылыс қалдықтары табылды. Құрылыстың пішіні 19 12 м. төртбұрышты екені және есігі оңтүстікке бағытталғаны анықталды. Қабырғалар қалыңдығы 1 м, 25*25*6 см көлеміндегі үш қатар шаршы шым кірпіштен тұрғызылған және сыртынан бір қатар көлемі 25*25*5 см шым кірпішпен жабылған.

Құрылыстың қалдықтарын тазалау барысында кезінде ғимараттың қабырғасын әсемдеп тұрған декорлық плиткалардың үлкен фрагменттері мен үлгілері табылды. Қазбаның батыс бөлігінде ескерткішті тонаушылардың тағы бір қолдану мақсатымен үйіп қойған декорлық плиткалардың жиынтығы анықталды.

Құрылысқа кіру оңтүстік жақта орналасқан, бұл жерде сыртқы іргенің ортасына екі қатар болып салынған күйдірлген кірпіш қалдықтары жанастырылған, бұл сатының қалдықтары болу мүмкін. Құрылыстың ортасында 6,5*6,5 көлемді құрайтын сегіз қырлы 1-ші бөлме орналасқан. Бөлменің іргелері күйдірілген кірпіштен қаланған және биіктігі 0,8 м, қалындығы 1,25 м. Көне құрылысшылар бөлме мен ғимараттың негізгі сыртқы ірге арасындағы кеңістікті балшықпен, саман кірпіштердің қалдықтары және шлак пен іске жарамсыз күйдірілген кірпіштер сынықтарымен толтырған.

Бөлменің ішінде күйдірілген кірпіштің үйіндісі болды, оның астынан балшықтан құйылған еден тазаланды. Еденнен төмен қазба жұмыстары ескерткіштердің жоқтығын көрсетті.

Солтүстіктен бірінші бөлмеге көлемі 2,75*2,75 күйдірлген кірпіштен қаланған төрт бұрышты 2-ші бөлме жанастырылған. Екі бөлмені бөлетін кірпіш іргенің 0,4 м. Биіктігі сақталған, сонымен қатар бөлмелерді байланыстыратын есік орыны байқалмайды.

Бөлменің едені біріншідегідей қара қойнау балшығымен құйылған, ал бөлме мен сыртқы ірге арасындағы кеңістік балшықпен және саман кірпіштердің сынықтарымен толтырылған. Бөлме ішіндегі үйінділерді тазалау барысында еден тұсында және топырақ шұңқырында жерленген адамдар табылды.

1-ші қабір. Жалпақ сүргіленген тақтайлардан жасалған ағаш табытта, 1-ші және 2-ші бөлмелерді бөліп жатқан солтүстік қабырға жанында еден деңгейінде жатыр. Жерленген адам батысқа қарай бағытталып арқасымен созылта жатқызылған. Сүйек қаңқасы анатомиялық ретпен жатыр, тек бас сүйегі ғана кейінгі уақыттарда құрылысты бұзу барысында қозғалып кеткен болу керек. Себебі бас сүйегі мен қатар орналасқан кірпіш қабырға түбіне дейін бұзылған. Тазалау барысында оң жақ аяғынан солға қарай тізесінен төмен жерде домалақ, ағаш ортасында тесігі бар моншақ тәріздес зат табылды.

2-ші қабір. Бөлменің орталық бөлігінде орналасқан. Біріншідегідей мұнда да сүргіленген тақтайдан жасалған табытпен еден деңгейінде батыс-шығысқа бағытталып жерленген. Қабірдің төменгі бөлігі ертедегі моланың үстіне жасалған және топырақтың отыруына байланысты бас шағына қарағанда төмен орналасқан. Жерленушінің қаңқасы созылған күйінде арқасымен жатыр. Бас сүйегі желке тұсында жатыр, аяқ сүйектері орнынан қозғалып жамбас сүйектері тұсында жатыр. Қабырғалары мен қол сүйектері де анатомиялық ретте орналаспаған. Тазалау барысында жерленушінің сүйектерінен киімнің қалдықтары, терінің және қызыл, жасыл түсті маталардың фрагменттері ретінде кездесті. Жамбасынан солға қарай кішірек темір пышақ табылды. 

3-ші қабір. Екінші бөлменің солтүстік қабырғасы жанынан табылды. Батыс-шығысқа бағытталған шұңқыр типтес молада жерленген. Моланың оңтүстік-батыс бөлігі 3-ші қабірге қарағанда уақыты жағынан кейінгі 2-ші қабірмен жабылған.

Қабірді тазалау барысында моланы үстінен жапқан, көлденеңінен қойылған ені 10 см тақтайлар қалдықтары табылды. Мола 0,9 м тереңдікте көлдененінен жатқызылған, қабығы тазартылмаған қайың бөренешіктермен жабылған. Моланы жабқан бөренелер қалдықтарының астынан ағаш тақтайлы табыт тазартылды. Онда басымен БСБ бағытталған, арқасына жатқызылған адамның қаңқасы табылды. Жерленушінің бас сүйегі желкесінен табылды, сол қолы шынтағынан бүгіліп, саусақтары беліне қойылған, оң аяғы тізесінен аздап бүгілген. Сол иығының астынан ірі балшық кірпіштің бөлігі табылды. Бұл жағдай жерленушінің алғашқыда оң жағымен жатқандығын көрсетеді.

Адамның қаңқасын тазалау барысында, бас сүйегінің сол жағынан сердоликтен жасалған моншақ, ал бас сүйегінің астында алтын жіптермен пішілген мата қалдықтары табылды. Оңжақаяғыныңтізесінентөменгі ішкі жағынан, екі көз тәріздес моншақ, ал тобықтың тұсында 2-ші қабырда табылған матаға ұқсас жасыл түсті матаның қалдығы табылды.

Жерлеу ХІV-ХVІ ғғ. тән исламға дейінгі жерлеу әдістерінің элементтері байқалатын мұсылман дәстүрімен жасалған. Исламның белгілері батыстық бағытта, ағаш табыттардың болуы, жерлеу заттарының аз болуы, құрбандық азықтарының, отқа табынушылық пен басқа белгілердің болмауы байқалады. Дәстүрлі діни наным сенімдердің белгілері мәйіттің басының орналасуында, киім қалдықтарының болуында, әшекей заттарының, кішкентай пышақ ретінде тұрмыс заттарының кездесуінде байқалады. Исламға дейінгі жерлеу элементтері кесенеге кіретін есік жанында табылған жылқы бас сүйектері жинақталған құрбандық орны мен декоративті кірпіштегі балық бейнесі арқылы байқалады. Жергілікті тұрғындар арасында жылқының құрбандық шалудағы маңызды ролін қимақ-қыпшақ кезеңіне жататын жерлеулерден көруге болады. Оған мысал I мыңжылдықтың соңы мен II мыңжылдықтың басына жататын қабірлерде балық бейнесінің табылуы. Әулиекөлден табылған кірпіш бетіне салынған балықтың бейнесі осы ежелгі табынушылықтың реминисенциясы болуы мүмкін және де балық аулаушылық әлі күнге дейін шаруашылықта қолданылып келеді. Мәдени қабаттардан балық сүйектерінің табылуы соған дәлел..

Қазба барысында сонымен қатар құрылыстың қабырғасын әсемдеп тұрған декорлық плиткалардың тұтас экземплярлары табылды. Плиткалар XIV-XV ғғ. Орталық Азия кесенелерінде кездесетін өсімдік бейнелері мен геометриялық фигуралармен өрнектелген.

№1 қазбадан оңтүстік-шығысқа қарай 15 м жердегі №2 қазбада шаруашылық кешеннің бөлігі болып табылатын, пеш қалдықтары бар котлован ашылды. Бұл жерден керамика қалдықтары, күйдіретін пеш қалдықтары, жануарлар сүйектері, ұршық бөліктері көк сыр жағылған кірпіш бөліктері және басқа заттар табылды. Керамика қыш қалып пен қолдан соғылған горизонталды толқын тәріздес және түзу сызықты оюмен өрнектелген ыдыс фрагменттерінен тұрады. Осындай керамика Алтын Орда кезеңіне жататын ескерткіштерде кеңінен сында су шығаратын құрылғыларда қолданылатын шығыр, құмыра фрагменттері өзгеше қызығушылық туғызады.

Шурф барысында және ескерткіш орналасқан түбектің өзге бөлігін тазалау барысында тұрақты тұрғын үйлер табылмады, бірақ сүйек қалдықтары мен керамика заттары қабатта және үстіңгі бетте де қатар кездеседі. Бұл жағдай ескерткіштің маусымдық екенін көрсетеді. Қазақтардың орналасуы мен табиғатты пайдалануы туралы тарихи- этнографиялық ақпараттарға сүйену Ақкөл топографиясын түсінуге мүмкіндік береді.

Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының дәстүрлі қыстаулары Ертіс өзенінің сол жағалауы бойында, Қалмақ қырылған, Қызылтау, Қарақаралы және Баянауыл тауларында орналасты. Ірі жазғы жай- лаулары Сілеті-Өлеңті өзендерінің арасында орналасты. Шідерті және Өлеңті өзендерінің төменгі ағысы ел арасында Жайыл ма, ал оның Ақкөл өзендер жүйесіндегі жайыл ымдарға және тұщы суға бай оңтүстік бөл ігі Ақкөл-Жайылма деп аталды1. Бұндай жағдайда зерттеліп отырған ескерткіштің Ақкөл Жайылманың ортасында Әулиекөлде орналасуы кездейсоқтық емес, қазіргі заманғы табиғи-климаттық жағдайға жақын өмір сүрген ортағасырлық тұрғындардың шаруашылығымен байланысты. 

Ежелгі жазғы қоныстардан Әулиекөлден басқа XIV-XV ғғ. кірпіштік сәулетке жататын басқа да қалашықтар мен табынушылық- мемориялдық ескерткіштер табылды. 2003-2007 жылдары біз Сілеті өзені бойындағы Мортық, Байнияз, Қызылоба, сонымен қатар Шідерті өзенінің оң жағалауындағы Жантай мекендерінде орналасқан кесене қалдықтары мен қалашықтарында зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Олардың кейбіреу Ә. Бөкейхановтың және Ә.Х. Марғұланның еңбектерінде аталады2. Күйдірілген кірпіш қалдықтары кездесетін қалашықтар Есіл өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы Баянауыл қазақтарының жайлауы болған Жаман-Нияз тауларында кездеседі3.

№1 қазба кесенесінде ақсүйектердің жерленуі, XIV ғ. Жошы ұлысында мемлекеттік дін статусына ие болған ислам дінін қабылдаған дала ақсүйектерінің тұрғандығын көрсетеді. Осы кезден бастап Сарыарқа көшпенділерінің мәдени, саяси және экономикалық өмірі тоғысқан ұлыс ордалары жанында ерекше құрмет тұтатын діни және мемлекет қайраткерлерінің бастарына күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кесене-күмбездер тұрғызу дәстүрі кеңінен таралады4.

Ортағасырлық далалық аймақ тұрғындарының мемлекеттік орталықтарында Қазақстанның оңтүстік аудандарына қарағанда ірі бекініс құрыл ыстары және өзге де классикалық орталықтанған қала атрибуттары болмады. Өйткені, солтүстік аудандарда, дала аймақтарында жазғы кезеңмен шектелген шаруашылық ерекшеліктеріне бейімделген болды5. Соған қарамастан шаруашылық тек мал шаруашылғымен шектеліп қоймай, жайлауларда суармалы егіншілік, аң аулаушылық және балық аулаушылықта болды. Билеушілердің қысқы ордалары далалық аймақтың тау қыраттарында және Оңтүстік Қазақстанның қалаларында орналасты. Ортағасырлық далалық орда мысалы ретінде жаңа зерттелер нәтижесінде Жошы хан кесенесі мен байланыс орнатылған және жазба деректерде Орда-Базар қаласы деген атпен кезедесетін ортағасырлық қоныстың жанында орналасқан Ұлытауды келтіруге болады6.

Сонымен зерттеліп отырған нысанды, алдын-ала Солтүстік-шығыс Қазақстанның көшпелі тайпалары енген ортағасырлық ұлыс билеушісінің жазғы ордасы ретінде қарастыруға болады. Осыған ұқсас археологиялық заттар XIV-XV ғғ. шеңберінде өмір сүргендігін көрсетеді. Осы кезеңдегі Сарыарқаның этносаяси тарихы ортағасырлық мәдениет пен қазақ этносі қалыптасқан Ақ ордамен, Әбілқайыр хандығымен, Қазақ және Ноғай ордаларымен байланысты.

Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері әлі толық зерттелмеген. Еліміздің шығысында күні бүгінге дейін бірнеше қорғандар зерттелген, ал кіргішті сәулет ескерткіштері мүлдем зерттелмей қалып қойды7.

Әулиекөлдегі ескерткішті әрі қарай зерттеу ортағасырлық Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде, сонымен қатар музефикациялауда өзекті мәселе, себебі қазіргі күні кесене қалдықтары жақсы сақталған және бұндай некрополь Солтүстік-Шығыс Қазақстанда кездеспейді.

 

1.      Щербина Ф. Объяснительная записка к данным об излишних землях, находящихся в пользовании киргиз Павлодарского уезда // Павлодарский уезд. - Воронеж, 1903. - С.5-27.

2.      Букейханов А. Список обам на реке Слеты Коржынкульской волости Акмолинского уезда // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела ИРГО. с Семипалатинск, 1907; Маргулан А.Х. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата, 1978. – С. 18-19.

3.      Коншин Н. О памятниках старины в Семипалатинской области //Записки Семипалатинского п/о Зап. Сиб. Отделения Русского географического общества, вып. 1. Семипалатинск, 1903. - С. 11; Археологическая карта Казастана. – Алма-Ата, 1960. № 1177 - С.92.

4.      Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Золотая... // Чингиз-наме. - Алма-Ата,  1992 - С.22.

5.      Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв.: материалы к историко-географическому атласу. Алма-Ата, 1 980. - С.65-67. Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (VII-XII) //Новое в археологии Казахстана. Алма-Ата, 1968; Кадырбаев М.К., Бурнашева Р.З. Погребение кыпчака первой половины XIV в. Из могильника Тасмола //По следам древних культур Казахстана. - Алма-Ата, 1970; Мерц В.К., Тишкин А.А. Погребения монгольского времени на берегу р. Шидерты в Казахстане //Сохранение и изучение культурного наследия Алтая. - Барнаул, 2000. Вып 11. – С.238-242.

6.      Ж.Егинбайулы Археологические исследования комплекса Жоши-хана //Отан тарихы, 2002. №2. - С 90-105.

7.      Арсланова Ф.Х. Средневековый могильник из Прииртышья //Сборник министерства высшего и среднего специального образования Казахской ССР: История, философия, экономика. Алма-Ата, 1963; Арсланова.