Еліміздің маңызы зор өндірістік және мәдени орталык,тарының бірі болып табылатын қазіргі Тараз қаласының орнында, Ежелгі Тараз атымен белгілі ортағасырлык Тараз қаласының жұрты жатыр. Бұл қала жайлы ең алғашқы мәліметтер VI ғасырға жататын Византиялық жазба деректерде кездеседі. Ежелгі Тараз жайлы ортағасырлық саяхатшы, географ, тарихшылардың барлығы дерлік өз деректерін қалдырған, бірақ олардың ешқайсысында Тараз қаласының нақты орны айтылмайды. Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды орындардың бірі болған Тараз қаласының толық бейнесін, X ғасырда өмір сүрген араб географы Ал-Макдисидің жазба деректерінен кездестіреміз. Осы дерек бойынша Тараз каласының нақты орнын анықтау негізінде көптеген жылдар бойы тарихшы ғалымдар өз ізденістерін жүргізген.
Олардың ең алғашқысын М. Е. Массон 1929 жылы жүргізсе, 1938 ж. А. Н. Бернштам тарапынан бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіліп Жамбыл қаласының орнындағы ескі қиранды (ескі базар орны) ортағасырлық Тараз қаласының қираған орны екендігін және қаланың маңызды бес үлкен мәдени қабаттардан тұратындығын атап көрсетеді. Сонымен қатар қаланың шахристан бөлігінің 14 га аумақты алып жатқандығы жайлы деректер келтіреді.
Атақты шығыстанушы ғалымның бұл тұжырымы 1940 жылы Г И. Пацевич, 1 965-1967 жж. аралығында Е. И. Агеева М. С. Мершиев, Т. Н. Сенигова және 1 983-1 985 жылдары ТАЭ экспедициясы құрамында К. М. Байпаков, П. Е. Каратаев, М. С. Касенов, 3. С. Самашев сынды ғалымдарымыздың ізденістерінде де өз көрінісін тапқан.
2007 жылдың далалық маусымында атқарылған жұмыстардың үлкен бөлігі 2006 жылғы табылған ортағасырлық мешіт құрылысын қайта жаңғырту жұмыстары болды. Қайта жаңғырту жұмыстары барысында мешіт толығымен архитектуралық қайта қалпына келтіріліп, бұл күндері ашык, аспан асты мұражайларының бірі ретінде өз қызметін атқаруда.
2007 жылғы қазба жүмыстары 2006 жылғы қазба жүмыстарының жалғасы ретінде, Ортағасырлық Тараз қаласының рабад III деген атаумен белгілі Дәуітбек кесенесінен 9 м солтүстікте, Қарахан кесенесінен 110 м солтүстік шығысында орналасқан бейтарап төбешікте жүргізілді. Қазба жұмыстары жүргізілген аумак, пен қайта қалпына келтірілген мешіт аралығын көлемі 31*3 м болатын тастан төселген жол бөліп жатыр. Қазба жұмыстары барысында бұл аумақтан жалпы көлемі 28*27*3 м болатын төбенің О-С бағытында 26 м Ш-Б бағытында 18 м көлемі аршылды. Қазба барысында қабырғаларының бағыттары әлемнің төрт шартараптарына бағытталған архитектурасы ортағасырлык, стильге тән ғимарат орны аршылды.
Ғимарат қабырғалары көлемі 44*22*9 см болатын кам кірпіштерден қаланған, кейбір қайта жамалған тұстарында пахса блоктары да кездеседі. Ғимараттың негізгі қабырғалары болып келетін сыртқы қабырғалары аса берік және қалың жасалынған. Әзірге белгілі болып отырған шығыс қабырғасының қалыңдығы 2,80 м, ұзындығы 26 м болса сақталып қалған биіктігі 55-60 см құрайды. Сонымен қатар дәл осы шығыс қабырғада, басқаларында кездеспейтін тастан қаланған іргетасы бар. Іргетастар 15-20 см биіктікте, екі-үш қатар етіп қаланған. Оңтүстік және жартысы ғана сақталған солтүстік қабырға ені 3,40 см болса, сақталынып қалған биіктігінің кейбір тұстары 1,5 м ге жетеді. Қазба барысында ғимараттың нақты төрт бөлмесі аршылды.
№1 бөлме ғимараттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ішкі көлемдері 3,5*3,2 м. Бөлменің оңтүстігінде 0,7 м және батысында 1,40 м болатын қабырғаларды жағалай суфа орындары сақталған. Сонымен қатар батыс қабырғадағы суфаға көлемі 50*50 см болатын, күйген кірпіштерден қаланған сандал орналастырылған.
№2 бөлме №1 бөлменің батыс бөлігінде орналасқан. Екі бөлме аралығын қалыңдығы ені 1 м болатын қабырға бөліп тұр. №2 бөлменің өлшемдері 7*3,2 м. бөлме шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан. Бөлме ішін кейінгі құрылыс кезеңдерінде қайта жасақтап, бөлменің оңтүстік-шығыс бөлігін арнайы қабырға салу арқылы тарылтқан. Бөлме еденінің кейбір тұстары тастан төселгендігі анықталды. Бөлменің оңтүстік қабырғасынан алғашқы кіру есігі болуы мүмкін есік орны сақталған. Есік енінен 1 м және бұл есік кейінгі құрылыс кезеңдерінің бірінде көлемі 44*22*9 см болатын қам кірпіштермен бітеліп тасталған.
№3 бөлме №1 бөлменің солтүстік бетінде орналасқан, бөлмелер арасын ені 1,70 см қабырға бөліп тұр. №3 бөлменің жалпы ішкі көлемдері 7,20*5,20 м. Бөлменің қақ ортасында әзірге басқаларында кездеспейтін тұғыртас пен бөлменің шығыс қабырғасына жақын, аумағы 5 м болатын шеңер биіктік сақталынған. Биіктіктің негізі топырақ сыландысынан тұрады. Бұл сақталынған биіктікпен тұғыртасты айнала оңтүстік және батыс беттегі қабырғаларға суфа орналастырылған. Оңтүстік қабырғадағы суфа астынан қазба барысында алғашқы құрылыс кезеңінен қалған құдық орны анықталды. Құдықтың аумағы 0,8 м, уақыт өте келе ғимаратты қайта жасақтау барысында құдық қайта бітелініп тасталған және де бөлме ішінде тұғыртас жанынан еден деңгейінде өртенген бағана тіреу қазығы табылды. Қазба барысында бөлменің ең төменгі еден деңгейінен қалыңдығы 2-3 см біркелкі жанған күл қалдықтары анықталды.
№23 бөлменің солтүстігінде орналасқан №4 бөлменің жалпы көлемдері 420*6,20 м. Бөлме ішінің құрылысы кейінгі жылдары мұнда жерленген мәйіт қабірлерінің әсерінен қатты зардап шеккен. Бөлме ішінде ортасына таяу алғашқы құрылыс кезеңіне қатысты қам кірпіштерден қаланған әзірге белгісіз құрылыс орны сақталған. Сонымен қатар бұл бөлмеден ұсақ мал сүйектері мен қазан сынықтары көптеп табылуы, бұл бөлменің өз заманында асхана қызметін атқарған болуы мүмкін. №4 бөлме ғимараттың солтүстіктегі ең шеткі бөлмелерінің бірі болып келеді. Ғимараттың солтүстік қабырғасының нашар сақталуынан, оның тек 2 м ені мен 9,5 м ұзындығын ғана анықтау мүмкін болды. Ғимараттың қабырғалары қазба барысында анықталғандай әр кезеңге байланысты зардап шегіп отырған, олардың алғашқысы ХІХ ғ. аяғы мен XX ғасыр басында бұл аумақтың қабірстанға айналуымен байланысты. Сонымен қатар кейінгі Кеңес дәуірі тұсында бұл аумақта ауқымды құрылыс жұмыстарының жүргізілуімен ғимараттың солтүстік бөлігі аса көп зардап шеккен.
2007 жылғы ежелгі Тараз қаласының орнында жүргізілген зерттеулердің қысқаша нәтидесін қорытындылай келе бұл ғимараттың өзінің оңтүстік бетінде орналасқан ортағасырлық мешіт құрылысымен бір мезгілде пайда болған және архитектуралық бір кешенді құрылыс түрінде үндесіп жатыр. Ғимараттың өз заманында қандай қызмет атқарғандығын анықтап зерттеу алдағы күндердің еншісінде.