Біріншісі - бұл тік қабырғалы және үстінде алаңы бар конус іспетті төбе.
Өлшемдері: етегінде – 120*110 м, үстіндегі алаңынікі – 75*65 м құрайтын оның биіктігі – 17 м. Төбенің үйі бұрышында (солтүстіктен басқа) мұнара қалдықтарының іздері сақталған. Етегін айнала ені 40 м жуық, тереңдігі 1,5-2 м ор қоршап жатса, ал ордың сыртында ені орта есеппен 60 м жуық, биіктігі 6-7 м жететін топырақтан үйілген жал құрылысы бар. Төбенің шығыс бұрышында ені 50 м жететін бұзылған жер бар. Қалашықтың жалпы ауданы 14 га-ға (380*380 м) жуық.
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Жуантөбенің цитаделі мен шахристанында 2004 жылдан бері кең көлемді қазбалар жүргізіліп келеді.
Негізгі қазба қалашықтың цитаделіне салынды, яғни жоғарғы көкжиектерді ашқан қазбалардың жалғасы болды. 2 және 4-қазбалардың барысында СБ стратиграфиялық шурф пен цитадельдің шығыс жағының көп бөлігін алып жатқан кірер қақпа аралығында кеңістіктен II құрылыстық көкжиек деңгейінің 1000 шаршы м-ге жуық алаңы ашылды.
2009 ж. бөлмелердің деңгейін ашуда жүргізілген археологиялық жұмыстар кең алаңда атқарылды (1000 шаршы м-ге жуық). Бір қызығы тұрғын кварталдың бөлмелері цитадельдің шығысында орналасқан. Мысалға, 3- қатардағы бөлме. Қазба барысында цитадельдің шығыс қабырғасының қырқасында (қазбаның оңтүстік-шығыс бұрышы) орналасқан 15-бөлменің едені, суфасы, қабырғалық ошағы тазаланды. Бөлмеде еденнің тек бір деңгейі ғана бар және ол қаланың соңғы кезеңінде ғана тұрақ орны болған. 16- бөлмеден сылағы жартылай сақталған және үсті нығыздалған еденнің келесі деңгейі қазылып тазаланды. Еденнен іші ірі малтатастармен және керамиканың сынықтарымен (көбіне хумдардың ернеуімен) толтырылған екі шұңқыр шықты. Бұлар, сірә, тұрмыстық- шаруашылық мақсаттарға арналған сұйықтықты жинау үшін қазылса керек. Бөлменің ортасынан уақытша ошақ орнатылған күйген жер тазаланды. Бөлмеге кіретін есік екеу. Оңтүстік-батыс бұрыштағы дәліздегі батыс қабырғаға қабырғалық ошақ орнатылған, одан солтүстікке қарай биіктігі 30-35 см суфа басталады. «Г»- тәрізді болып келген ол барлық солтүстік қабырғаны және жартылай батыс қабырғаны бойлай орналасқан. Сірә, осы кезеңде солтүстік-шығыс бұрышта кірер есік салынып, суфа кесіліп тасталса керек. Бөлменің 2-деңгейдегі жобасы III стратиграфиялық көкжиекке жататын тереңдігі 40 см- ге жуық толтырылымды алғаннан кейін де III стратиграфиялық көкжиектің жоғарғы деңгейін қайталайды.
17- және 18-бөлмелерді қалыңдығы 40-45 см толтырылымдардан аршып тазалағаннан кейін еден шықты. Едендерде тұрғын бөлмелерге тән барлық белгілер - суфалар, қабырғалық ошақтар, кіре берісте орналасқан шұңқырлары бар. Бөлмелерден сонымен қатар араларында керамикалардың және мал сүйектерінің сынықтар бар күлдің қалың қабаты сақталған қоқыс шұңқырлары да тазаланды. Егер де 18-бөлмедегі суфаның үсті жақсы сақталса, ал 17- бөлменікінің бүлінген іздері байқалады. Соның ішінде суфаның алдыңғы кірпіштері өзінің бастапқы орнынан жылжыған, үсті мүлдем сақталмаған, барлық жерде үлкен өрттің іздері бар, негізінен олар бөлме үсті жабындысының ағаш бөліктерінің көмірлері. Бірақ та қабаттың нақты мерзімін және қиратушы оқиғаларды 100 ЕХЖ анықтауға мүмкіндік беретін түргеш тиыны, ойып салынған өрнегі бар шырағдан, жапсырмалы әдіспен жасалған кішігірім саптыаяқ - теңдесі жоқ артефактілер осы жерден табылды. Қандай да бір қайғылы оқиғаның арқасында сақталған, оларды қалпына келтіру ісі археологияның міндеті.
Қазба барысында квартал бөлмелерінен артефактілердің өрнектелген керамика, тиындар, қола айна, зергерлік әшекейлер, сүрме тастар, терракота сияқты бай коллекциясы жиналып алынды.
Тұрғын бөлменің еденінен суфадан ер адамның терракоттық мүсіншесі табылды (еркек құдайы ?). Бейненің негізінде дәріптелген патшаның немесе мифтендірілген ата-тегінің бейнесі жатса керек. Терракотты бұйымдар қаланың бұрынғы қазбаларынан да кездескен. Осындай терракоталар Орта Азияның коропластикасында кеңінен танымал. Түркі- эфталиттік топқа жататын олар V-VII ғғ. мерзімделеді.
Қазба кезінде табылған ең көп тараған артефакті болып асханалық, шаруашылықтық және қандай да бір затты сақтауға арналған ыдыс түріндегі керамикалар саналады. Жұқа қамырдан дайындалған, жақсы күйдірілген асханалық қыш ыдыстар іші-сырты жақсы өңделген сипатқа ие. Ыдыстардың сырты қалың ашық қызыл түсті ангобпен боялған. Сонымен қатар ангобтарында ашық және қара түсті дақтары бар ыдыстар да кездеседі. Бүл дақтар ыдыстарды бояғаннан кейінгі интенсивті күйдірулердің салдарынан болған құбылыс. Осы ыдыстардың ішінде салт жоралық көзе өте қызықты. Сақталған биіктігі 17,5 см, кеудесінің диаметрі 13,5 см болатын оның мойыны тік болып келген, ернеуі сыртқа қарай аздап қайырылған. Ернеуінен йығына жалғанған кішігірім шеңберлі, қимасында тік бұрыштылау тұтқасы бар.
Кеудесінің жоғарғы бөлігі кесіліп салынған көлденең жолақты төрт белдемше өрнекпен көмкеріліп, қою қызыл түсті ангобпен боялған. Ернеуінің астында қисық сызықты екі белдемше бар. Олар үстінен және астынан тік сызықтармен шектеліп, бастарымен үстіге және астыға қаратылған үшбұрыштар түріндегі өрнектерді құрайды. Екі жағынан көлденең екі сызықпен бөлінген екінші белдемше екі қатар доғадан тұрады. Екі жағынан көлденең екі жолақпен шектелген және екі ірі қиылысатын сызықпен берілген үшінші белдемше ромбтар мен үшбұрыштардан тұрады. Төртінші катар тек үстіңгі жағынан көлденең екі сызықпен бөлінген ірі екі жарты шеңбер түрінде берілген. Жалпы алғанда ыдыстың бұл түрі б.д. VII-VIII ғғ. тән.
Қыш ыдыстардың осы кешеніне диаметрі 42 см болатын жайпақ кақпақ та жатады. Ол жаухарлы-ойықшалармен және ортадан радиалды тараған сәулелермен өрнектелген.
Құрылымдық жағынан шеттері тісті пішінді болып істелген таяздау тостағаны түбіне қарай кеңейген конус іспетті өте қалың орнықты негізге ұласқан шырағдан табылды. Негізінен резервуарына өтпелі жері дәстүрлі шығыңқымен берілген. Шырағданның іші ысталған. Өн-бойы ақшыл-қоңыр түсті ангобпен боялған шырағданның астыңғы бөлігінің барлық беті кесіп салынған өрнектермен көмкерілген. Оның биіктігі 18,2 см, түбінің диаметрі 10,7 см, жартылай сынған радиусына қарағанда үстіңгі бөлігінің диаметрі 13 см-ге жуық.
Жүргізілген зерттеу (қазба мен барлау) жұмыстары барысымен қоса, заттарды есепке алу, сәулеттік құрылыстарды құжаттау жақтары да іске асырылды. Шыққан заттарды өндеудің нәтижесінде ғылыми талдау жасауға қажетті деректер алынып, зерттеудің негізгі мақсатындағы күтілетін нәтижелерге қол жетті.
Жуантөбе қалажұртының цитаделінде көлемі, шамамен 1000 кв.м алаңда, құрылыс қабаттарына байланысты тереңдігі 0,7-2 м болатын үшінші мәдени қабатқа жүргізілген зерттеулерде тұрғын үй және шаруашылық бөлмелердің орны аршылды. Құрылыстың ерекшелігі мен бөлмелердің жобасы бойынша құнды мәліметтер алынды. Заттардың үлкен қоры жиналды, әсіресе Саманидтер уақытындағы монеталар өңір үшін өте сирек кездесетін жәдігер, бүл сыртқы сауда-экономикалық байланысты көрсетіп қана қоймай, Арыстың орта ағысы бойындағы ірі қалажұрттардың мәдени қабаттарын анықтауға септігін тигізеді. Осы уақыттағы көпшілік қалажұрттардан табылған мұндай заттар бірегей ғана. Басқа да ерекше көзге түсетін заттар бар: импорттық түтін шығаратын аспап (қосымшаны қараңыз), сонымен қоса, тұтқасы астында таңбасы бар саптыаяқ ерекше, қаңғарлық өрнектегі құтылар мен құмыралар.
Олай болса, 2009 ж. жұмыстардың нәтижесі 7 ғ. екінші жартысы - 8 ғ. басындағы Орта Азия халықтарының заттай және рухани мәдениетіне едәуір үлес қосты. 5 ғ. екінші жартысы - 8 ғ. басы аралығы зерттеушілердің аз қарастырған кезеңі, солай бола тұрса да бұл ұзақ уақыттық жобаға эсер етті, яғни Оңтүстік Қазақстан территориясында бір ғасырда бірінің орнын бірі алмастырған ұлы империялар: қаңғар-түрік-эфталит кезеңіндегі тарих аралығын анықтауға көмектеседі. Дегенмен, осы үдерістер туралы жазылған тарихи жазба деректер жеткіліксіз. 7 - 8 г. басы кезеңіндегі этно-саяси және мәдени-идеологиялық үдерістердің шекарасын анықтап қалпына келтірігі шығару 8 ғ. 30-жж. арабтармен арадағы шабуыл және 9 ғ. Екінші ширегіндегі Саманид мемлекетінің исламдандыру үдерісіндегі мәдени тарихтың көмескі тұсы 9 ғ. өңірдің исламдануымен байланысты. Бұл кезеңде исламға өту және ескі идеологияны ұстаушы жергілікті халықтардың кешіп-қону үдерісі ұзақ жүз жылдарға созылды. Бірақ, осы болған үдерістерді куәландыратын археологиялық мәліметтер әзірге жеткіліксіз.