Осы мақсатта алаңның шығыс бөлімінде VI және VII қазбалары салынды. Осы объектілерде құрылыстардың ішкі жоспарлары ашылды және қорған қабырғаның сыртқы учаскелері зерттелді. Бұл жұмыстар «төменгі алаңның» ескерткіштің жалпы құрылымындағы пайдалануын анықтау және де ортағасыр тұрғын үйлерді анықтау және зерттеу мақсаттарында жүргізілді.
Осы жұмыстармен қатар діни аула және оның ортасында орналасқан үлкен шұңқыры зерттелді.
VI қазба цитадельдің негізгі төбешігінің шығысында төменгі алаңның шығыс бұрышында салынды. Бұл жерде алаңның сыртқы шығыс баурайы цитадельдің шығыс баурайына қарай түзу бұрыштап бұрылады. Цитадель төбешігіне жақынырақ солтүстік баурайында төмендік байқалады, ол қорған қабырғасының орнында пайда болуы мүмкін (1 сурет).
VI қазбасы қорған қабырғасының және қоныстың бұрышын қамтиды. Қазбаның жалпы ауданы 25*25 м. Бұл жерде 12 тұрғын бөлмелері және үлкен ішкі аула толық немесе жарым-жартылай анықталған (2 суреттің жоспары).
Жобалау бойынша 25-30 см тереңдікте бірінші құрылыс қабатында жуандығы 2 метрлік тығыз пахса және сұр және сарғыш түсті қыштар (45-43*23-25*10-11 см) белгіленді. Қабырғаның сыртқы шекарасы бойында үш мола шұңқырлары анықталды. Олар қабырғаға жарым-жарты еніп кетеді, оның сыртқы жағын қирата. Ол кейінгі жерлеулер құрылыстар қирап, қоныс төбеге айналғанда қойылған.
Қорған қабырғалардың бұрышында 2 бөлме орналасқан, оның қабырлар биіктігі 0,6-0,65 м сақталған. Оның үстінде жатқан құрылыс қабаты байқалмады, яғни ол құрылыстар үстінгі құрылыс қабатында жататындығы және ол қабатта екі құрылыс кезеңі бар екендігі анықталды. Ол құрылыс кезеңдерінің едендері арасында жуандығы 15 см қиранды деңгейімен бөлініп, өрт іздері байқалады. Соңғы өрт ағаш арқалықтарының, шатыр астына төсеген қамыс қабатталарының жанған қалдықтары тазаланды. Бірінші өрттен қабырға сылауының қыздырылған іздері сақталыпты. Қабырғалардың қалануында қолданған қыштары сұр түсті, мөлшері 40-42*25-26*10-12 см. Бірінің кең жағында саусақтармен өткізілгендер 1 -3 бойлай жолақтылары бар.
2 бөлменің қабырға ішінің мөлшері 6,0*6,4 м. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс қабырғалары қорған қабырғалары болып келеді. Ол өзіне тән ішкі көрінісімен ерекшеленеді.
Оңтүстік-батыс қабырғасының бойында жіңішке (0,85-0,87 см) биік емес бірнеше сылау қабаттарымен жабылған сыпа тазаланды. Еденнің бірінші қабатын тазалау барысында бөлменің ортасында төртбұрышты солтүстік жағында шошағы бар ошақ ойығы анықталды. Сол шошақ алтарь ошағына кіріңкі орналасқан. Ошақтың мөлшері 70*95см, тереңдігі 7-10 см. Осы едемен батыс қабырға тұсында орналасқан камин ошағы байланысты. Ол «тумба» тәрізді қабырғадан 0,5 м шығынқы, ені 0,95 см. Камин қабырғаға кіріп домалақ тәрізді биіктігі 0,6 м, тереңдігі 28 см қуыс болып келген. Оның беті кірпіш - қызыл түске дейін күшті қыздырылған. Каминді тазалау барысында тұтқасы сынған кішкене құмыра және биіктігі 5 см керамикалық таба сынықтары табылған.
Солтүстік - шығыс және солтүстік - батыс қабырғалардың бойында бөлме ішінде жіңішке (бір және жарты кірпіштен) қабырғалары анықталды, олар тар (ені 0,95-1,10 м) екі қабырғаны бойлай өтетін «дәліз» тәрізді. Олардың едендері, қабырғалар салықтары және олардың бетіндегі өрт іздері жақсы байқалады. «Дәліздің» батыс бөлігі өрттен күшті күйзелгені байқалады, өйткені қабырғалары отпенен өзгеше күшті күйгені көрінеді.
Ішкі қабырғалардың солтүстік бұрышында бөлмеге апаратын ойық тазаланды. Бөлменің ең ерте еденінде торт тіректердің негіздерінің қалдықтары тазаланды, олар тікбұрыш бұрыштарында тегіс тұрды, ал орталығында ошақ - алтарь тазаланды. Негіздері еденнің сылағына қондырылған екі тақтайша, олардың астында екі ірі шикізат кірпіштері орналастырылған. Тақтайшалар өртеніп көмірленген, бірақ негіздерінің мөлшері анықталады (35*26 см). 2 бөлме ішінде №4, 8, 9 кейінгі жерлеулер тазаланды.
Суреттелген бөлменің оңтүстігінде 3 бөлме орналасқан, ішкі құрылғысымен 2 бөлмеге ұқсас. Ол квадрат тәрізді болып келген (5,6*5,6 м), бірақ ішкі көрініс бөлшектері нашар сақталған. Оның солтүстік-батыс қабырғасы тұсында жіңішке жарты кірпіштен қаланған қабырға ашылды. Бөлме периметірі бойынша сыпалар орнатылған, солтүстік-шығыс қабырғасы тұсында ені 1,1 м, оңтүстік-шығыс қабырғасындағы сәкі тәрізді болып келген, ені 0,85 м. Бөлменің орталығында ошақ-алтарь қалдықтары аршылды.
Суреттелген бөлмелердің солтүстік-батысында кең (6*15 м) ашық аула учаскесі орналасқан. Аулада үлкен алау іздері тазаланды (өндіріс тағайындаудың болуы мүмкін?). Еденді тазалау барысында мол күл және көмір арасында тамға-белгілері бар 2-3 құмыра сынықтары табылды. Одан ары солтүстік-батысқа қарай тағы бірнеше (№6-10) кішігірім бөлмелері ашылды, олардың ішінде № 7 және 9 тұрғын бөлмелері.
Сыртқы қабырға бөлігі ені 2,1-2,2 м пахса шикізатының жолағымен айқындалады. Кейбір жерлерде олардың биіктігі 0,8-1,0 мге дейін сақталған, бұрышында қатты төмендеп (су шайып кету баурайымен) және құрылымдардың мола шұңқырлармен бұзылған.
Қазбаның VII бөлігінде де ұқсас салу жүйесі байқалады. Осы жерде тығыз орналасқан тұрғын және шаруашылық бөлмелер ашылды, олар қорғанның шығыс қабырғасына тиістіре салынған. Тұрғын бөлмелерде орталығында еден үстіне салынған ошақ-алтарьлары, қабырға бойында енсіз сыпалары бар ( 3 сурет).
Сырдария орта ағысында орналасқан ортағасыр және кейінгі уақыттағы тұрғын кешендердің зерттеуі ерекше орын алады. Тұрғын үйлер, олардың құрылғысы және ішкі көрінісі этномәдениет ерекше көрнекті кешенін ұсынады. Осы мәліметтерді салыстырғанда миграциялық толқындардың бағытын ашады, осы мәдениетті қалдырған халықтардың тарихы туралы өте құнды мәлімдеулерді береді. Бөлмелерді тазалау барысында көптеген керамика кешендері, қоладан, сүйектен жасалған бұйымдар, ақшалар табылды.
Сонымен, Сидақтың өрт қабатында табылған ақшалар өрт VIII ғ. ортасында болғандығын анықтайды. Тарихта осы кезеңде Сырдария алқабында және одан шығыс орналасқан аймақтарда Халифат билеушілерінің өкілдерінің белсенді әрекеттері жайлы белгілі.
Ақша олжалардың коллекциясы тағы бір олжамен толықты, ол Шаш мемлекетінің таңбасы бар мыстан жасалған ақшасы (2,1 сурет). Зерттеушілер, осындай таңбасы бар ақшалар Шашта III ғасырдың соңынан VI ғ. басына дейін соғылғандығын айқындайды.
«Төменгі алаңда» жүргізілген қазба жұмыстары барысында тұрмыстық ыдыстар кешендері, сүйектен, қоладан жасалған бұйымдар да алынды (4,5 сурет). Бұл олжалар Түркістан алқабы тұрғындарының мәдениетін сипаттайтын мәліметтердің қорын толықтырады.