Бұл зерттеудің негізгі мақсаты бұған дейін жинақталған Аңырақай шайқасы алабының табиғи шекарасы жөніндегі мәліметтерді салыстыру жэне Балқаш көлінің Оңтүстік-Батыс аймағында болған бұл эскери-саяси оқиғаны дэлелдеуші басқа да тарихи артефактыларды іздеп табу болды.

Бұдан да дэл жэне бұлтартпас деректер алу үшін осы мақала авторы ҚР ОММ Жетісу облыстық басқармасы қорында Аңырақай тарихи жері жөніндегі құжаттарды табу мен анықтау үніін аянбай тер төгіп, жаңалықты жұмыстар жасады. Қордың құжаттарымен танысу барысында 1890 ж. Түркістан эскери округының штабс-ротмистрі Варагушин құрастырған Жетісу облысының Верный уезі қазақтарының қысқы жэне жазғы көштері жайлы материалдары табылды. Онда Аңырақай болыстығына қарасты Аңырақай мекені қазақтарының көш жолдары өзен-су, тау-тас аттарымен байланыстыра, толыққанды берілген. Бұл құжаттан алынған мэліметтер біздің бұған дейінгі ізденістеріміздің дұрыстығын дәлелдеп берді. Сонымен қатар Аңырақай жотасының солтүстік-шығыс бөктеріндегі Қопалы мен Сарыбұлақ өзендері арасындағы жазықтықты зерттеу жүмыстарымызды 2006 ж. одан әрі жалғастыруымыздың қажеттігін туцырды. XVIII ғ. бірінші жартысындағы тарихи құжаттарды зерттеу негізінде Аңырақай атырабының батысын, оңтүстігін және оңтүстік-шығысын жоңғарлардың әскери қарауылдары торуылдағаны белігілі болды. Осы себепті Алматы мен Жамбыл облыстарының іргелес жатқан жерлеріндегі, бүгінгі карталарда белгіленген "Қарауылтөбе", "Қарауылқашқан" жәнет.б. жағрапиялық нысандар - тауларды, төбелерді зерттеу үшін түздік зерттеу жұмыстары қажет болды. Картографиялық материалдар негізінде Іле өзенінің батыстан шығысқа аққан орта ағысы Жамбыл мен Хантау арасында жэне оңтүстіктен солтүстікке Алакөлден Таукұмдағы Бақанас ауылына дейінгі аралықта осындай 8 топонимдер анықталды. Сонымен қатар бір жағрапиялық нысан Хантау жотасындағы Сұңқар тауы тіркелді. Бұл жерде К. Миллердің 1742-1743 жж. жасаған картасы бойынша жэне мұрағаттық деректер бойынша жоңғарлардың негізгі қарауылы тұрған. Бірақ бұл жердегі қарауыл жайлы халықтық тарихи топонимде еш белгі сақталмаған. Басқа екі "Қарауылтөбе" Шоқпар мен Отар теміржол станциялары төңірегінде орналасқан. Келесі біреуі Далақайнар ауылы маңында, қалғандары Іле өзенінің орта ағысында, екі жағалауын ала орын тепкен.

Осы топонимиялық ескерткіштерді зерттеу мақсатында 2006 ж. Балқаш көлінің Оңтүстік- Батыс өңіріне арналған, құрамы 5 адамнан (отряд бастығы - И.В. Ерофеева; басты геолог, г-м.ғ.д. Б.Ж. Әубәкіров; қызметкерлер И.А. Аниятов, Л.Л. Кузнецова, Ш. Аманжолова) тұратын екі апталық түздік экспедиция жүмыс істеп, аталмыш нысандардың көпшілігін зерттеді. Түздік зерттеу жұмыстары барысында «Қарауылтөбелер» орналасқан Аңырақайдың батыс жэне оңтүстік-батыс төңірегінде экспедиция мүшелері маңайдың барлығынан дерлік бір немесе бірнешеуден шоғырланған төрткүлдер ұшыратты. Өлшемдері ұзындығынан 3-тен 36 м-ге, енінен 2-ден 8 м-ге жетеді, әрі барлығының қабырғалары тура солтүстіктен оңтүстікке бағытталған.

Табиғи тастан түрғызылған, ең көп шоғырланған (5 бірлік) бұндай төрткүлдер – 2 кішігірім (2*3,5 м), 2 орташа (3*8 м) жэне бір үлкен (6*36 м), Хантау жотасындағы Сұңкар тауынан табылды. Пензендік жаяу әскер полкының майоры Карл Миллердің 1742-1743 жж. тарихи мэліметі бойынша дэл осы уақытта Балқаш көлінің Оңтүстік-Батыс өңірінде жоңғарлардың басты қарауылы орналасқан. Осындай сипаттағы және қабырғалары көлбеулік бағыттағы төрткүлдер Кіндіктас тауының солтүстік-батыс шетінен солтүстікке қарай, Шоқпар т/ж станциясының маңынан жэне аталмыш таудың оңтүстік-шығыс шетінде, Отар т/ж станциясынан оңтүстік- батысқа қарай 18,5 км жерде орын тепкен. 1911 ж. Верный уезінің картасында бұл екі аттас нысандар «Қарауылтөбе» деп нақты белгіленген. Экспедиция барысында осы зерттелген төңіректе кездескен кейбір қариялардан. «Қарауылтөбе» топонимының шығу тегі жөніндегі мэліметтер сұралды. Кейбір білетін ақсақалдардың жауаптары негізінде бұл Қарауылтөбелердің шығуын Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймағында жоңғарлардың болуымен байланыстыратыны жөнінде мәліметтер жинақталды. Бұл деректердің барлығы етегінде төрткүлдер жатқан «Қарауылтөбенің» XVIII ғ. бірінші жартысында жоңғарлардың қарауыл бекіністері болғанын дәлелдейді. Бұл қарауыл-бекіністер қазақтарды жоңғар ханының негізгі ставкасы - урга орналасқан Іле өзенінің жоғарғы ағысына өткізбеу мақсатында болған. Бұл қарауылдар болашақ Аңырақай шайқасы алабын үш жағынан қоршап, осылайша оның жағрапиялық кеңістігінің сыртқы межелерін нақты белгілеген.

Атақты шайқас орнының тарихи-жағрапиялық шекарасын зерттеумен қатар экспедиция мүіиелері қүжаттамалық жэне түздік деректер негізінде, бірінші кезекте геоморфология мәліметтері арқасында, Іле өзенінің орта жэне жоғарғы ағысы атырабына Солтүстік Балқаш өңірі мен Оңтүстік Қазақстаннан жылжыған қазақ эскерлерінің жолын анықтады. Жүргізілген ізденістер негізінде зерттелген жағрапиялық жэне археологиялық нысандарда фотофиксациялық жұмыстар жасалып, сонымен қатар зерттелген территорияның толықтай картасы құрастырылды.