Тоң басқан обалар олардың санын есептеуде, бүгінгі жағдайын бақылауда және зерттеу әдісін қатаң сақтауда арнайы тәсілді талап етеді. Олардың жағдайын анықтайтын маңызды факторлардың бірі деп осындай ескерткіштердің орналасуы мен саны жөніндегі мәліметтердің жетіспейтіндігін, сонымен қатар ғасырлар бойы осындай жерлеулердің сақталуын қамтамасыз еткен тоң линзасының ғаламдық жылыну барысында тез жоғалуын айтуға болады.

Зерттеу 1968 жылы американдық әскери «Корона» атты жер серігінің түсірген суреттерін жерге жеткізу мен ЖБСМ (жер бедерінің сандық моделін) алу үшін қажет, объектінің орналасқан жерін танудың ғаламдық жүйе ресивері арқылы топографиялық өлшеуге бағытталды. Жергілікті жерді зерттеу барысы мен ондағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтауда жергілікті жерде ғаламдық бағдарлау әдісі қолданылды. Бұл мақсатта 12 каналды ресивері бар, арнайы қондырылған барометрлі, электронды компасты және дәл уақытта он метр дәлдікке дейін нақты орналасуды қамтамасыз ететін 24 мб ішкі жадты «тасымалданатын ГСРРО аспабының» GARMIN ETREX VISTA түрі пайдаланылды. «Корона» суреттері үшін нақты нүктелерді өлшеу NASA ғарыштық зертханасында жасалған REAL TIME GYPSY (RTG) технологиясына негізделген және STARFIRE тор желісін қолданатын C-Nav ресивері арқылы жүргізілді. Орнату мен нақтылықты бақылау Гент Университеті ғалымдарының ойлап тапқан программалық жүйесі орнатылған, арнайы жабдықталған компьютерде іске асырылды. Археологиялық объектілерді 0,5 метрден жоғары дәлдікпен үшөлшемдік бағыттау үшін тасымалы дифференциальды кодты және L1 фазалы (Leica SR20) ресиверлі дигитальды ГСРРО пайдаланылды. Барлық нүктелер Leica Geo office программасын қолдану арқылы есептелді және өңделді.

Қарақоба өзенінің жоғарғы ағысын зерттеу. алдымен, объектінің орналасуын табудың ғаламдық жүйесі арқылы барлық археологиялық объектілердің тұрған жерін анықтаудан тұрды. Объектілер сипатталып жазылды, өлшенді және фотоға түсірілді. Морфология, әдеби деректер және басқа объектілермен салыстыруға негізделген әр объектінің шамамен алғандағы уақыттары қойылды. Географиялық жағдайының сипаттамасы жасалды. Келесі кезекте барлық объектілер туралы хабарларды мәліметтер қорына енгізу жорамалдануда. Қарақоба өзенінің жоғарғы ағысы бөлігін зерттеу қорытындысында құрамына 100-ден астам объекті енетін 28 құрылым (обалар тобы) фиксацияланды.

Ескерткіштерді ашу әдісі зерттеушілердің жаппай тізбектеле жүруі мен төмендегі тараптар бойынша объект туралы мәлімет енгізетін екі түрлі карточканы толтыру арқылы жүргізілді. Тараптар: зерттеу ауматын анықтау; ескерткіштің тұрған орнын атау; зерттеушінің аты-жөні; карточканы толтырған уақыты; ескерткіштегі объектілер саны; объектінің бұзылуы (ойыс, қазба іздерінің болуы т.б.); GARMIN, GPS модификацияланған жүйесі арқылы координатын анықтау, объектінің биіктігін анықтау; әр объектінің координатасын GPS Leica-ға жазу; әр объектіні фотоға түсіру; объектілердің өлшемін анықтау; әр объектіні сипаттау; құрылым үлгісі; объект үлгісі.

Жалпы құрылым бойынша келесі көрсеткіштер белгіленді (карточканың бір түрі); құрылым нөмірі; жер атауы; зерттелінетін жердің жалпы атауы; зерттеуші аты; карточканы толтырған күні; әкімшілік анықтама; аңғар топонимі; жердің топографиясы; кұрылымын; солтүстік, шығыс; биіктік, RMS; құрылым түрі; құрылымның жалпы сипаттамасы; жалпылай мерзімдік анықтама; құрылымды ұйымдастыру; тоңның болуы; құрылым (жердің) жоспары.

Қарақоба өзені аңғарындағы зерттеулер қорытындысында (төртінші-үшінші терраса) ежелгі көшпелілер кезеңі обалары, көне түріктердің қоршаулары, этнографиялық ескерткіштер ашылды. Өлкенің өсімдіктер әлеміне бай болуы мен шөптің қалыңдығы, биіктігі, археология ескерткіштерін ашу мен есептеуте кедергі келтірді.

Қарақоба өзенінің жоғарғы ағысында тоң басқан обаларды ашу жобасы міндеттерін орындау аясында ММТ-4 және М6К8В өте сезгіш терморезисторлар көмегімен топырақтың термометриясы зерттелінді. Қарама-қарсылықты өлшеу өте сезімтал аппаратура арқылы жүргізілді. Термометриялық бақылау екі метр тереңдіктегі төрт ұңғыда жасалды.

Жүргізілген зерттеулер бірнеше себеп бойынша өте құнды болып табылады. Біріншіден, Қазақ Алтайындағы алыстағы, биік таулы аңғардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді ашу, сипаттау және картографиялау өте қажет; екіншіден, болашақта қорғау мен зерттеу мақсатында тоң басқан обаларды ашу қажет; үшіншіден, мамандар арасында тәжірибе алмасу, оқыту және археологиялық ескерткіштердің зерттеу әдісі мен жаңа технологиясын қолдану өзекті. Мәліметтерді өңдегеннен кейінгі алынған хабарларды жинақтау, тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасу жоспарымен қоса жердің сандық картасын жасау археологиялық ескерткіштерді сақтау мен зерттеу жұмысында маңызды үлес болмақ.