Жаңақорған ауданындағы зерттеу жұмыстары Қаратаудың оңтүстік-батыс (түстік) беткейіндегі Бесарық, Ақүйік, Келте, ІІІалқиясаз, Жиделі, Арыстанды, Алашапан, Дарбаза өзендері мен олардың көптеген салаларында, шатқалдарында, тауаралық және тауалды жазықтарында жүргізіліп, Талап, Қосүйеңкі, Ақтөбе, Бірлік, Көкен батыр (Қыраш), Құттықожа, Шалқия, Жайылма ауылдары мен Жаңақорған кентінен әртүрлі қашықтықта орналасқан 4 ескерткіш (Тұрғанбай 1, Тұрғанбай 2, Қабыланды обалар қорымы, Күйкентай тасқа салынған суреттері) қайта зерттеліп, 114 ескерткіш жаңадан ашылды. Жаңадан ашылған ескерткіштердің қатарында 17 жеке оба, 1036 обадан тұратын 79 обалар тобы мен қорымдары, 14 тасқа салынған сурет орындары, 3 ортағасырлық елді мекен және 1 тоған бар.
Әр түрлі тарихи кезеңдерге (қола ғасыры, ерте темір ғасыры, ортағасырлар) жататын жеке обалар мен қорымдағы обалар тастан, (1-сурет) тас аралас топырақтан, топырақтан үйілген. Жақсы көрінетін, биік жерде орналасқан жеке обалардың аумағы 8-50м, биіктігі 0,5-Зм, ал обалар тобы мен қорымдағы обалардың аумағы 3-24м (тек Жылқықора қорымындағы бір обаның аумағы 45м, биіктігі 2,5м), биіктіктері 0,2-2м.
Тасқа салынған сурет орындары 14, олардың қатарындағы: Ботасоқты, Жүсіпсаз, Талдыбұлақ, Нұрмаханбұлақ 1, Нұрмаханбұлақ 2, Қаратас, Шыбынтай, Қарасүйір, Қаратас (шалқиялық), Қоспа-Бозбұлақ қола және ерте темір ғасырлары кезеңінің ескерткіштері, ал Құланшы, Қоспа, Нарымбай, Арқарбұлақ ерте темір ғасыры мен ортағасырлар кезінде салынған суреттер.
Тақия төбе елді мекені (ҮІ-ХІІғғ.). Қосүйеңкі ауылынан 23,4 км солтүстік-шығыста, Ынтымақ өзенінің сол жағасында орналасқан, географиялық координаттары: С.43°58'17", Ш. 067°48'51", теңіз деңгейінен биіктігі (т.д.б.) 523м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан төбенің ұзындығы 120м, батыстан-шығысқа қарай ені 50-76м, биіктігі 7 м. Оның солтүстік бөлігінде орналасқан төбенің көлемі 30*40м, биіктігі 3м (2-сурет).
Саудабазар төрткүлі (Х-ХІІ ғғ.) Қосүйеңкі ауылынан 30 км солтүстік-шығыста орналасқан, географиялық координаттары: С. 43°59'52", Ш 067°54'41", т.д.б. 677 м. Бұрыштары доғалданып келген төрткүлдің көлемі 75*85м, биіктігі 2м, оның ортасындағы ойдың аумағы 36м, тереңдігі 0,5-1 м. Есіктің орны төрткүлдің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Төрткүлді барлық жағынан саз қоршап жатыр.
Қоспа елді мекені (VІІІ-ХІІ ғғ.) Жайылма ауылынан 26 км солтүстік-шығыста, Жиделі мен Жыланды өзендерінің қосылған жерінен 0,5км оңтүстік-батыста орналасқан, географиялық координаттары: С. 44°10'46", Ш. 067°ЗГ07", т.д.б. 337 м. «Аланды» төбе үлгісіндегі елді мекеннің солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбенің көлемі 30-40*75м, биіктігі 5 м, оны оңтүстік, батыс, солтүстік-батыстан қоршап жатқан алаңның ені 40 м, ұзындығы 90 м, биіктігі 3 м. Аланды оңтүстік жағынан сырттай қоршап жатқан ордың ені 8-10 м, тереңдігі 1-1,5 м.
Ақтөбе тоғаны (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) Көкен батыр ауылынан 4,7 м солтүстік-шығыста, ортағасырлық Ақтөбе елді мекенінен 0,5 км оңтүстік-шығыста орналасқан, географиялық координаторы: С. 43°50'20", Ш 067°32'15", т.д.б. 224 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан, топырақтан үйілген тоғанның ұзындығы 310 м, ені 10-15 м, биіктігі 2-3 м.
Шиелі ауданындағы зерттеу жұмыстары Қаратаудың батыс, оңтүстік-батыс беткейіндегі Ақмылтық, Қоспа, Үлкен Сауысқандық, Кіші Сауысқандық өзендері алқаптарында (шатқалдарында), Сарысу өзенінің төменгі ағысында, Телікөлдің төңірегінде (Таңбалы Нұрадан бастап Құлтаның кесенесіне дейінгі аралықта), Ақтау мен Жетімтау сілемдерінде және Дариялы тақырдың солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізіліп, 10 жеке оба, 4 обалар тобы, 11 тасқа салынған сурет орны және 1 қарауыл төбе ашылды.
Биік жерге орналасқан жеке обалар тас, тас аралас топырақ, топырақтан үйілген, аумағы 5-26 м, биіктігі 0,2-1 м. Үлкен Сауысқандық, Қоскөл, Өтенсаз, Төсбұлақ обалар тобы тас, тас аралас топырақтан үйілген, аумағы 4-10 м, биіктігі 0,2-0,9 м.
Қола, ерте темір және ортағасырлар кезіне жататын Қаратоғай, Сатайбұлақ 1, Сатайбулақ 2, Шұбарқайрақ, Қоскөл 1, Қоскөл 2,Қоскөл 3, Қоскөл 4, Өтенсаз, Шалабай, Тасбұлақ тасқа салынған суреттерінің қатарындағы Қоскөл 1, Өтенсаз, Шалабайдағы суреттер XX ғасырда қайта жаңартылған.
Биік жерде тұрған аумағы 4 м келетін етегі ірі таспен қаланған Сасықбұлақ қарауыл төбесі қиыршық тас, баялыш араласқан топырақтан үйілген.
2005 жылғы зерттеулер кезінде Жаңақорған ауданындағы Қорасаната, Қасымата, Найман Төлей, Қарасопы, Қылыш ата, Шиелі ауданындағы Оқшыата, Асаната, Қышата, Ғайыпата кесенелерінде қайта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, суретке түсіріліп, географиялық координаттары анықталды және Бесарық, Аққум, Жаңақорған, Төменарық, Шиелі, Бәйгеқұм, Сұлутөбе, Тартоғай темір жол бекеттерінің ғимараттары мен су қыспақты мұнаралары суретке түсірілді.
Сонымен, 2005 жылы ашылған ескерткіштерді қоса есептегенде, осы уақытқа дейін Қызылорда облысының Жаңақорған мен-Шиелі аудандарында барлығы 358 археологиялық ескерткіш ашылып, есепке алынды, оның 256-сы Жаңақорған ауданында, 102-сі Шиелі ауданында орналасқан.
Жаңақорған ауданындағы ескерткіштердің қатарында; 23 жеке оба, 160 обалар тобы мен қорымдар, 28 ортағасырлық елді мекен, 18 ортағасырлық қалашық, 1 қарауыл төбе, 17 тасқа салынған суреттер орны, 1 тоған, 8 кесене, ал Шиелі ауданындағы ескерткіштердің қатарында: 22 жеке оба, 30 обалар тобы мен қорымдары, 11 ортағасырлық елді мекен, 5 ортағасырлық қалашық, 1 қарауыл төбе, 17 тасқа салынған суреттер орны, 14 кесене, 1 тоған бар. Жаңақорған мен Шиелі аудандарындағы археологиялық ескерткіштердің түрлері мен саны кестеде көрсетілген.
Осы аудандарда жүргізілген әртүрлі шаруашылық жұмыстар кезінде (тоналған обаларды есептемегенде), Жаңақорған ауданындағы 1 ескерткіш (Үшкілтөбе елді мекені) толық бұзылып кеткен және 9 ескерткіш әртүрлі дәрежеде бұзылған, ал Шиелі ауданы бойынша толық бұзылып кеткен ескерткіштердің саны 10, бұзылып жатқандар – 6. Бұзылған және бұзылып жатқан археологиялық ескерткіштердің қатарында бұрыннан белгілі, есепке алынған, мемлекет қарауындағы ескерткіштермен қатар осы уақытқа дейін есепке алынбаған, ғылымға белгісіз ескерткіштер де бар.