. Аталмыш тақырып бойынша жұмыстар биылғы жылы ТМД-дағы мұрағаттар мен кітапханаларынан революцияға дейінгі тарихи -мәдени ескерткіштер жайлы жазба деректер іздестіру мен жинау шараларын, сондай-ақ, негізінен облыстың Жамбыл ауданында жүргізілген, далалық зерттеулерді де қосты.
Арнайы зерттеулердің приоритет нысаны ретінде Жамбыл ауданының тандап алынуы, бұл аумақтың қазақтардың кейінгі ортағасырлар дәуірі мен жаңа заманның бас кезінде, Орталық Азияның көшпенді және отырықшы халықтарымен жасасқан мәдени және әскери-саяси қарым-қатынастарының тарихында алатын орнының ерекшелігінде болып отыр. XVI-XV II ғғ. оның территориясы арқылы Солтүстік-батыс және Солтүстік Қазақстаннан Ұлытау және Сарысу өз. тармақтары арқылы Қазақстанның батыс аумақтарына өтетін, Сібірді Орта Азия мемлекеттерімен, соның ішінде негізінен Ташкент иелігі және Бұхара мен байланыстырған маңызды керуен жолы өтетін. Қазақтардың оңтүстіктегі отырықшы көршілері мен бас ордасы XVIII ғ. бас тұсынан Іле өз. жоғарғы сағасы мен оның тармақтарының аумағында орналаса бастаған, жоңғарларға қарсы жорықтары осы бағыт бойынша жүріп отырды. Сонымен қатар, XVII ғ. бірінші ширегінің бас тұсында Жетісуды Жоңғария жаулап алғаннан кейін, қазіргі кезде ҚР Алматы облысы Жамбыл ауданының құрамына кіретін Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы, қазақтардың ойраттармен мәдени қарым-қатынас және әскери қақтығыстарының негізгі аймағына айналды. Соңғылардың ішінде үш Жүздің бірлескен қазақ қолдарының 1727-1730 жж . жеңіске жеткен жорықтары да бар. Облыстың басқа аудандарына қарағанда, Жамбыл ауданы қазақ халқыньщ әскери тарихына қатысты жерлері көп аймақ. Олардың көбісі қазақстандық тарихшыларға әлі де беймәлім. Атап өтілген жағдайларға байланысты биылғы жылдың 11-30 тамыз аралығында, Балқаштың оңтүстік-батыс жағалауы ауданында құрамында сегіз адамы бар кешенді далалық экспедиция ұйымдастырылды. Оның құрамында: отряд басшысы, т.ғ.к. И.В. Ерофеева, бас геолог, г-м. ғ. д. Б.Ж. Әубекеров, ұшақтан сурет түсіретін мамандар Р.Сала мен Ж.М. Деом, этнографтар Ш.А. Аманжолова мен А.А. Әлмұқамбет жұмыс істеді. Қазақтардың жоңғарлармен 1723-1730 жж. аралығында жүргізген шайқас тарының нақты болған жерлерінің координатгарын анықтау және оларды зерттеу осы экспедицияның мақсаты болды.
Далалық жұмыстар барысында солтүстігінде Ақсүйек поселкесінен бастап, оңтүстікте Аңырақай тауларының оңтүстік-батыс бөлігіне дейін, соның ішінде, Ақсүйек-Күрті трассасының бойында орналасқан Ұзынағаш, Қарабастау, Үйгентас және басқа да елді-мекендердің төңіректері зерттелді. Барлау барысында Сарыбұлақ өз. бойында, Бескөл қыстауының маңынан қам кірпіштен тұрғызылған, облыстың ірі масштабты карталарында «Қалмақтөбе» деп белгіленген жоңғар қамалының қирандылары табылды. Оның өлшемдері 50*35 м, дельта планнан 500 м биіктіктен түсірген суреттен, қамалдың сұлбасы анық көрінеді. Сонымен қатар, Аңырақай тауларының шығыс етегі территориясын мұқият шолып шығу, аталмыш учаскенің орографиялық және геоморфологиялық ерекшеліктерін революцияға дейінгі XIX ғ. мен XX ғ. басындағы картографиял ық материалдармен, соның ішінде Верный уезінің 1911 жылғы он шақырымдық картасымен; сондай -ақ , Шу –Талас алқаптарының бақташыларының ақпаратымен және өткен ғасырдың бас тұсындағы қазақтардың тарихи аңыздарымен салыстыра отырып, революцияға дейінгі этнограф Ә.Ә. Диваевта «Аңырақай жері», ал статист П.П. Румянцев және оның әріптестерінің 1910-1914 жж. есебінде «Аңырақай шатқалы» деп аталған, 1730 жылы қазақ қолдарының жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасының нақты координаттары анықталды. Тарихқа қатысты бұл территория Қопалы және Сарыбұлақ өзендерінің арасынан 152 га-ға жуық аумақты алып жатыр. Аумақ қабырғалары тең үшбұрыш пішіндес, табаны Аңырақай шатқалдарының етегіне тірелсе, басқа екі қабырғасы өзендердің каньон тәріздес жағаларына тірелетін де, атты әскердің бұл жерден өтуіне үлкен қиыншылық тудыратын. Жүргізілген зерттеулердің негізінде Сарыбұлақ өз. бойындағы жоңғар қамалы бар учаскенің геоморфологиялық картасы, сондай-ақ оның горизонталды және ұшақтан түсірілген суреттері жасалды.
Аңырақай шайқасы болған жермен қатар, қазақтар мен жоңғарлар арасында оған дейінгі болған, «Сууқайтын» (дұрысы «Сұмқайтты») тарихи топонимінен мәлім, шайқастың орны анықталды. Бұл атау, 1843 жылдың өзінде-ақ орыс саяхатшысы А.И. Шренктің топографиялық қолжазба материалдарында кездеседі. Ұшақтан және космостан түсірілген суреттерді ХІХғ. мен XX ғ. басындағы тарихи карталармен салыстыра отырып, қазір Жангелді деп аталатын өзен мен Аңырақай шайқасының алдында 1730 жылы шайқас болған, аты аңызға айналған Сүмқайтты өзені бір болып шықты. Жангелді-Сұмқайтты өз. солтүстік-батысқа қарай орналасқан Әбілқайыр тауы аталмыш шайқастың тарихи-мәдени ескерткіші. Экспедиция мүшелері осыған дейін тарихшы М. Тынышбаевтың хабарлауы бойынша белгілі болып келген бұл таудың нақты орнын анықтады. Қазақ-жоңғар шайқастарының орындарын басқа да қызықты тарихи ескерткіштер, соның ішінде Алакөлден оңтүстік-батысқа қарай ондаған километрге созылып, «Жошы ханның оры» деп аталған ор орны анықталды. Экспедиция барысында ол суретке түсіріліп және қажетті өлшемдер жасалып, бұл нысан жайлы XIX ғ. мен XX ғ. бас түсында Жетісуда болған орыс саяхатшыларының маңызды жазба естеліктері қолға жиналды. Экспедиция материалдарын өңдеумен қатар Петербург мұрағаттары мен кітапханаларынан Балқаштың оңтүстік-батыс жағалауы, соның ішінде негізінен қазақ қолдарының жоңғар әскерлерімен 1726-1750-ші жылдары арасында шайқасқан жерлері, сондай-ақ Жетісу территориясынан ортағасырлық және кейінгі уақытта өткен керуен жолдары жайлы мағлұмат беретін XIX ғ. тарихи-географиялық сипаттағы құнды қолжазба деректері жинастырылды. Бұл жазба деректерді қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның территориясындағы қазақ-жоңғар қатынастарының тарихи географиясын зерттеген зерттеушілер ешқашан қолданбаған, ғылыми айналымға олар енді ғана енгізіліп отыр. Сонымен бірге Санкт-Петербургтің іргелі кітапханаларының картографиялық қорларынан XVII г. мен XX ғ. басындағы Қазақстан мен көршілес Орталық Азия аймақтарының 50-ге жуық карталары табылды. Олар революцияға дейінгі Алматы облысының тарихи ескерткіштерін зерттеуге жаңа серпін беріп, олардың географиялық локализациялауын неғұрлым айғақты түрде жүргізуге мүмкінділік береді.
Одан басқа, Жетісудың ірі батырлары Самен, Қаратай және басқа да адамдардың әскери-саяси қызметіне қатысты жерлер және олардың жерленген орындары жайлы жазба деректерден маңызды мағлұматтар жинастырылды. Қазіргі кезде оларға Жамбыл және облыстың басқа да аудандарында ескерткіштер орнатылған. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданында зерттелінген нысандар жайлы бүкіл құжаттық және далалық материалдар жинастырылып, өңделді және жүйеленді, бұлардың негізінде Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштері жайында бір топ ғылыми мақалалар жарияланды.