23.04.2020 17:19
Ортағасыр Сидақ қаласының цитаделіндегі «Табыну ауласы»
Сидақ ортағасыр қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында, Түркістан қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш көлемі үлкен болмағанымен VІІ ғ. - VІІІ ғ. басында ғибадат кешені бар, күшті платформаға тұрғызылған жақсы бекінген қамалы болған.