22.04.2020 19:59
Сауран регистанындағы сәулеттік құрылымдарды зерттеу жұмыстарының жалғасы
Сауран қаласының орталық алаңындағы өткен жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер оның айнала бойын өте бай ою-өрнектермен сәнделіп, шыңылтырланған күйген қыштан тұрғызылған қоғамдық-діни тұрғыдағы құрылыстар қоршай орналасқандығын анықтап берген болатын.