Қызылүйік археологиялық аймағындағы 2009 жылғы зерттеулердің қысқаша қорытындылары
Өңірдің Үстірт пен Маңқыстаудағы дах-массагеттердің этникалық, миграциялық процестеріндегі орнын, жерлеу-ғұрыптық іс-әрекеттердің шығу тегі, қалыптасуы мен таралуын зерттеу мақсатында Қызылүйік археологиялық кіші аймағындағы көлемі кішірек храм-ғибадатханалар, обалар мен жауынгерлердің, тас мүсіндерінің сынықтары бар бірнеше рәсімдік-табыну құрылыстарды зерттеу ісін биылғы далалық маусымда жалғастырдық.