10.02.2020 17:42
2005 ж. Бестамақ қорымының қазба жұмыстары
Есеп беріліп отырған жылы (2005 Ж.) Бестамақ қорымында зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Ескерткіш Қостанай облысы, Әулиекөл ауданының Шилі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырымдағы Бұрықтал өзенінің оң жағасында (Обаған өз. шығысындағы бірінші сағасы), Бестамақ қонысының солтүстік-шығысында орналасқан.