Отырар өңірінің зерттелуі
«ОҚО мәдени мұрасы: ежелгі Отырар» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жұмыстар келесі бөліктерге бөлінеді: Отырардың үш өлшемді моделін жасау; Көкмарданның цитаделінде қазба жүргізу; XVI ғ. қала орамын тазалау және консервация жасау; «Көне мешіт» ауласында қазба жүргізу; 2005 ж. далалық археологиялық жұмыстар кезінде алынған материалдарды зертханалық-сараптаудан өткізу; Отырарда археологиялық және консервациялық жұмыстар жүргізу (төбенің орталық бөлігіндегі қазбада ХІ-ХІІ ғғ деңгейінде тазалау және қазбаны жалғастыру); Алтынтөбенің цитаделінде қазба және консервация жүргізу; Алтынтөбенің шахристанында қазба және консервация жүргізу; Құйрықтөбедегі ерте кезеңдегі мешітті зерттеу; Құйрықтөбедегі бай тұрғынның үйін қазу және консервациялау шараларын жүргізу.