Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы бойынша 2005 жылы жүргізілген зерттеулер
2005 жылы негізінен қазақтардың жоңғар және қоқан басқыншыларымен шайқасқан орындарынан, XVIII-XX ғғ. аралығындағы қазақ қоғамының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметіне байланысты топонимикалық объектілерінен тұратын, Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу және олар жайында ғылыми мақалалар жазу жұмыстары жалғастырылды.