2009 ж. «Мерке түрктік мәдени кешені» жобасы бойынша жүргізілген археологиялық зерттеулер
Ерте ортағасырларда Шу өзені алқабын мекендеген түрк тайпалары мұраларының мәдени және этникалық сабақтастығы мәселесін тереңдете зерттеу мақсатында, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде, «Түрктік Мерке мәдени кешені» жобасы аясында 2009 ж. түздік маусымында Жамбыл облысының Рысқұлов және Мерке аудандарының территориясында орналасқан Мерке ғибадатханасына, ғибадатханадағы түрктік археологиялық ескерткіштерге археологиялық және этнографиялық кешенді ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.